Академиялық шеберлік
АСТАНАДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫН ҚҰРУ СТРАТЕГИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Margulan university ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин және педагогикалық зерттеулер орталығының директоры Алмагуль Асаинова Астана қаласында Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы ұйымдастырған «Қазақстандағы академиялық артықшылық: академиялық шеберлік орталықтарын құру жөніндегі бастама тұжырымдамасын талқылау» стратегиялық сессиясына қатысты.
Astana IT University ұйымдастырған іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының жобалық кеңсесінің өкілдері, өңірлік жоғары оқу орындарының 50-ден астам басшылары мен жоғары білім беру саласындағы сарапшылар қатысты.
Сессия барысында университеттерде академиялық шеберлік орталықтарын құру бойынша бастамаларды іске асырудың мақсаттары, міндеттері, стратегиялары мен тактикасы талқыланды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек академиялық артықшылық орталықтарын құру бойынша 5 қағидатты сақтау қажеттігін атап өтті: реализм, тұрақтылық, стейкхолдерлерді есепке алу, қолданбалы ғылым, пайдалылық.
Стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша ҚР жоғары білім беру саласындағы академиялық артықшылықтың жоғары параметрлеріне қол жеткізу бойынша нақты шаралар мен міндеттермен меморандум дайындалады, сондай-ақ стейкхолдерлердің мүдделерін негізге ала отырып, академиялық артықшылық орталықтарын дамытудың негізгі бағыттары айқындалады.
https://ppu.edu.kz/strategiyu-sozdaniya-czentrov-akademiceskogo-prevo