Перейти к содержимому страницы.

X облыстық ППУ пәндік олимпиадасы

Құрметті Павлодар облысының мектеп түлектері, Марғұлан университеті Сіздерді пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады. Дәстүр бойынша олимпиада жеңімпаздары ГРАНТ иегерлері атанады! Талапкерлер төмендегіні білуі керек:

Олимпиада туралы ереже https://ppu.edu.kz/ru/ сайтында «Хабарландыру» айдарымен орналастырылған;
1 тур онлайн түрде 12-13 наурызда өтеді, тапсырмалар https://ppu.edu.kz/ru/ сайтында «Хабарландыру» бөлімінде орналастырылады;
50%-дан жоғары балл жинаған оқушылар Марғұлан университетінде өтетін 2-турға шақырылады (күні кейінірек хабарланады);
Олимпиада математика, физика, химия, биология, география, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар: 8-7182-55-55-05,
WhatsApp телефоны 87014070736 (Айгүл Ерматқызы)