Перейти к содержимому страницы.

ППУ М. Қанапьянов атындағы жоғары колледж директорының оқу жұмыс жөніндегі орынбасары

Біліктілік талаптары:

Жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім;

жұмыс өтілі білім ұйымдарындағы басшылық лауазымда немесе оқу орнының бағдарына сәйкес келетін ұйымдардағы басшылық лауазымда 3 жылдық кем емес.

 

Сіз білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының, перспективалық-тақырыптық жоспарлардың талаптарына сәйкес оқытушылардың оқу жоспарларын және бағдарламаларын орындау жұмысын үйлестіресіз, сондай-ақ оқу үрдісінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды ұйымдастырасыз.

Оқуды ұйымдастырасыз және оның сапасын бақылайсыз.

Оқу сабақтарының, кеңес берудің, емтихандардың, оқу үрдісі мен бақылау жұмыстарының кестесін құрастырасыз.

 

     Қосымша ақпараттар

Кәсіби құзыреті:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылары;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс істей білу.

Жеке басының құзыреті және сапа:

ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

сабырлылық.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген, жазбаша және ауызша меңгеру дағдылары бар.

Қажетті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ПК (OS, Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және т. б.), ұйымдастыру техникасын және т. б. меңгеру жоғары деңгейлі дағдысы бар.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

 

- өтініш;

- кадларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- өмірбаян;

- қосымшасымен білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- біліктілігі арттыру және қайта даярлау (болған кезде) туралы сертификаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін көшірмелері;

- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа жіберу);

- конкурсқа қатысушы наркологиялық ұйым есебінде емес деген туралы анықтама;

- конкурсқа қатысушы психикалық-неврологиялық ұйым есебінде емес деген туралы  анықтама;

- конкурсқа қатысушы туберкулезға қарсы ұйым есебінде емес деген туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- ППУ жұмыс істемейтін тұлғалар үшін, еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

ППУ жұмыс істейтін адамдар жоо ректорының атына конкурсқа қатысуға рұқсат туралы өтініш береді және өтініш (еркін түрде) жазылады. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;

- конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- конкурсқа қатысушы туберкулезға қарсы есепте тұрмауы туралы туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама;

- Қазақстан Респуликасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама;

Құжаттар 2020 жылғы 18 тамыз бен 01 қыркүйек аралығында сағат 09:00-дан 18:00-ға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, кадрлар бөлімі, 125 кабинет, сағат 9.00-18.00-ге дейін, анықтама телефоны:  8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com («конкурсқа» белгісімен)