Перейти к содержимому страницы.

Оқытушы вакансия

Біліктілік талаптары:

Мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болғанда жоғары білім және/немесе магистр академиялық дәрежесі болуы.

Сіз оқу сабақтарының барлық түрлері бойыншаоқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыратын және өткізетін боласыз.

Дәріс сабақтарын өткізесіз (педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі болған жағдайда).

Білім беру бағдарламасы ғылыми-зерттеу жұмысы бағыттарының біріне қатысасыз.

Профессордың, доценттің немесе аға оқытушының басшылығымен өткізілетін сабақтың және оқу жұмысының түрлері бойынша әдістемелік құралдарды әзірлейсіз немесе әзірлеуге қатысасыз. Білім алушыларды тәрбиелеу жұмысына, ғылыми-зерттеу жұмысына, білім алушыларға кәсіптік бағдар беруге белсене қатысасыз.

Қосымша ақпараттар

Кәсіби құзыреті:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылары;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс істей білу.

Жеке басының құзыреті және сапа:

ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

сабырлылық.

Қазақ және орыс тілдері, мүмкіндігінше ағылшын тілін меңгерген, жазбаша және ауызша меңгеру дағдылары бар.

Қажетті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ПК (OS, Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және т. б.), ұйымдастыру техникасын және т. б. меңгеру жоғары деңгейлі дағдысы бар.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

- өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- өмірбаян;

- жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы құжат, ғылыми атағының туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- біліктілігі арттыру және қайта даярлау (болған кезде) туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086 медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

- конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымынан анықтама;

- конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

- конкурсқа қатысушы  туберкулезға қарсы ұйымнан есепте тұрмауы туралы анықтама;

- Қазақстан Респуликасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- ППУ-де жұмыс істемейтін  тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

ППУ-де жұмыс істейтін адамдар жоо ректорының атына конкурсқа қатысуға рұқсат туралы (еркін түрде) өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;

- конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы  анықтама;

- конкурсқа қатысушы   туберкулезға қарсы ұйымнан есепте тұрмауы туралы анықтама;

- Қазақстан Респуликасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама.

- ғылыми жұмыстар мен өнертабысының тізімі (болған жағдайда).

Құжаттар 2020 ж. 17 тамыз бен 2020 жылдың 31 тамызы аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, сағат 9.00-18.00-ге дейін, анықтама телефоны:  8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com