Перейти к содержимому страницы.

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ конкурс жариялайды: Бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

IT саласындағы жоғары білім және кемінде 3 (үш) жыл мамандық бойынша жұмыс өтілі;

Сіз: Компьютерлік және мультимедиялық жабдықтарды, белсенді және пассивті желілік жабдықтарды және оларға жүйелік бағдарламалық жасақтаманы сатып алуды жоспарлап, техникалық сипаттаманы дайындайсыз. Техникалық қолдауды жүзеге асырасыз және серверлердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етесіз. Университеттің есептеу және көбейту техникасына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырасыз. Техникалық қолдауды жүзеге асырасыз және университеттің АТС, телефон және телекоммуникациялық байланыс арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етесіз. Оқу процесіне заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізесіз.

Қосымша ақпарат

Кәсіби құзіреттіліктер:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылар;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

жауапкершілік;

өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;

әлеуметтік бейімділік;

ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;

командада жұмыс жасай білу.

Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:

көшбасшылық;

парасаттылық;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

бастамашылдық;

қатынасымдылық;

ұйымдастырушылық қабілеттері;

өзін-өзі бақылау;

күйзеліс тұрақтылығы.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

-      жеке куәліктің көшірмесі;

- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

Құжаттарды қабылдау 2023 ж. 13 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 26 қыркүйегіне дейін сағат 9.00 бастап 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33.