Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРАЛЫМДЫЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕТЕЛДЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС

2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Еуропа және Азия университеттеріне академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқуға (Еуропада оқуға 6 орын, Азияда оқуға 1 орын) конкурс жарияланады. Конкурсқа барлық мамандық бойынша бакалавриаттың 1,2-курс студенттері қатыса алады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін негізгі талаптар:

-          Бүкіл оқу кезеңі үшін транскрипттің орташа балы кемінде 3,0 GPA.

-          Ағылшын тілін білу деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес. (Қытай тілін меңгерген студенттер растау сертификатын қоса береді).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттер академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес папкаға құжаттарды жинап, интернационалдандыру бөліміне (Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, 330-кабинет) тапсырады.

Конкурс қорытындысы бойынша үміткерлерді іріктеу комиссиясы Еуропа мен Азия университеттеріне оқуға баратын 7 студентті таңдайды. Студенттерге әуе жолы, виза алу үшін консулдық алымдар және медициналық сақтандыру үшін өтемақы төленеді.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 27.03.2024.

Барлық сұрақ бойынша интернационалдандыру бөліміне хабарласыңыз, телефон 65-16-09 (ішкі 374).