Перейти к содержимому страницы.

«Болон процесі - Қазақстан Республикасының еуропалық жоғары білім кеңістігіне ену факторы»

Құрметті оқытушылар, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді 2023 жылы 7 желтоқсанда өтетін педагогика ғылымдарының докторы, профессор Пфейфер Нелли Эмильевнаның «Болон процесі - Қазақстан Республикасының еуропалық жоғары білім кеңістігіне ену факторы» тақырыбындағы ашық дәрісіне шақырамыз.

Пфейфер Нелли Эмильевна - 210-нан астам ғылыми жұмыстың авторы, педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы алтын медальмен, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған.

Ғалымның жетекшілігімен 23 магистрлік, 14 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қорғалды.

Конференция Zoom конференция форматында өтеді.

Конференция сәйкестендіргіш нөмірі: 970 4619 3359

Қолжетімділік коды: 718245

Басталуы: 16-00 (Астана уақыты бойынша)