Перейти к содержимому страницы.

Бакалавриаттың 1-2 курс студенттері арасында шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға конкурс жарияланады

Құрметті жоғары мектеп декандары, сондай-ақ бакалавриаттың 1, 2 курс студенттері! 

Erasmus+ бағдарламасы аясында 6В01730 Шетел тілі: екі шетел тілі; 6В01720 Орыс тілі мен әдебиет; 6В01750 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті; 6В01900 Арнайы педагогика; 6В01110 Педагогика және психология; 6В01310 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі; 6В01520 Физика; 6В01522 Физика-Математика; 6В01521 Физика-Информатика; 6В01420 Дене шынықтыру және спорт; 6В01422 Дене шынықтыру және спорт (IP) білім беру бағдарламалары оқитын бакалавриаттың 1 және 2 курс студенттердің арасында академиялық оралымдылық бойынша конкурс байқау жарияланады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін негізгі критерийлер:

-   Бүкіл оқу кезеңі үшін транскриптің орташа балы кемінде 3,0 GPA.

-   Ағылшын тілін білу деңгейі – В1 деңгейінен төмен емес (6В01310 Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының студенттері үшін В2 деңгейінен төмен емес).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттер академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес папкаға құжаттарды жинап, интернационалдандыру бөліміне (Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, 330-кабинет) тапсырады.

Конкурс қорытындысы бойынша академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға үміткерлерді жіберу үшін комиссия 2024/2025 оқу жылының күзгі немесе көктемгі семестрінде Жешув университетіне (Жешув қ., Польша) академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға баратын бір студентті таңдайды. Оқу -  тегін. Жешув университетіне келгеннен кейін студент көлік шығындары үшін өтемақы алады, сонымен қатар айына 800 еуро стипендия алады, оны студент барлық ай үшін 90 % алады (қалған 10 % оқуды аяқтағаннан кейін).

Мүмкіндігі шектеулі адамдар тобына жататын студенттер үшін бағдарлама жоғары стипендия ұсынады.

Жешув университеті туралы толық ақпаратты келесі сілтемелерден табуға болады: https://www.ur.edu.pl/en/home , https://www.ur.edu.pl/en/university/multimedia

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 13.03.2024.

Erasmus+ бағдарламасының академиялық оралымдылығы шеңберінде шетелде оқу үшін білім алушылар қатарынан үміткерлерді іріктеу ережесінің құжатымен егжей-тегжейлі танысуыңызды сұраймыз.

Барлық сұрақ бойынша интернационалдандыру бөліміне хабарласыңыз, телефон 65-16-09 (ішкі 374).