Перейти к содержимому страницы.

Аға оқытушы вакансия

Біліктілік талаптары:

жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

ғылыми-педагогикалық қызметтің 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде бір жылдан кем емес оқытушы лауазымында немесе 5 жылдан кем емес мамандық бойынша (жұмыс бағдарында) практикалық жұмыс өтілі және/немесе ғылыми дәреженің болуы.

Сіз өзіңіз жүргізетін пән немесе оқу сабақтарының жекелеген түрлері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыратын және өткізетін боласыз.

Жоғары мектептің ғылыми-зерттеу жұмысы бағыттарының біреуіне қатысасыз.

Оқу жұмысының барлық түрін өткізесіз. Оқитын пәндеріңіз бойынша жұмыс бағдарламаларын әзірлейсіз. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына, ғылыми-әдістемелік жұмысқа, білім алушыларға кәсіптік бағдар беру ісіне; оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, жұмыс бағдарламаларын және басқаларды дайындауға қатысасыз.

Қосымша ақпараттар

Кәсіби құзыреті:

стратегиялық ойлау;

аналитикалық дағдылары;

тиімді жоспарлау және басқару;

жеделдік;

өзін-өзі дамыту;

тәртіптілік;

жауапкершілік;

командада жұмыс істей білу.

Жеке басының құзыреті және сапа:

ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;

парасаттылық;

көшбасшылық;

бастамашылдық;

сабырлылық.

Қазақ және орыс тілдері, мүмкіндігінше ағылшын тілін меңгерген, жазбаша және ауызша меңгеру дағдылары бар.

Қажетті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ПК (OS, Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және т. б.), ұйымдастыру техникасын және т. б. меңгеру жоғары деңгейлі дағдысы бар.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

- өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- өмірбаян;

- жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы құжат, ғылыми атағының туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- біліктілігі арттыру және қайта даярлау (болған кезде) туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086 медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

- конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымынан анықтама;

- конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

- конкурсқа қатысушы  туберкулезға қарсы ұйымнан есепте тұрмауы туралы анықтама;

- Қазақстан Респуликасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- ППУ-де жұмыс істемейтін  тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

ППУ-де жұмыс істейтін адамдар жоо ректорының атына конкурсқа қатысуға рұқсат туралы (еркін түрде) өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;

- конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы  анықтама;

- конкурсқа қатысушы   туберкулезға қарсы ұйымнан есепте тұрмауы туралы анықтама;

- Қазақстан Респуликасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте  болуы не болмауы туралы  анықтама.

- ғылыми жұмыстар мен өнертабысының тізімі (болған жағдайда).

Құжаттар 2020 ж. 17 тамыз бен 2020 жылдың 31 тамызы аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, сағат 9.00-18.00-ге дейін, анықтама телефоны:  8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com