Перейти к содержимому страницы.

Студенттер жетістіктері

Оған жыл көлемінде қоғамдық белсенділігімен танылып, жастар саясатын дамытуда үлесі зор, ПМПУ брендын республикалық, халықаралық аренаға танытып жүрген студенттер қатысып, ректор Алғыс хатына ие болды.

Сонымен қатар Студенттік кәсіподақ атынан Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының басшыларына ректор марапаты берілді.

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Bilim-o`rkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында өткен «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты халықаралық үздік студенттер байқауында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша ІV курс студенті Оразбек Әйгерім І дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ, Оразбек Әйгерімді «Bilim-o`rkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып, академия мүшесі атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Әйгерімге шығармашылық шабыт, ғылым жолында жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!

 

2020 жылы 21 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Student and Science: future view» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ИА-42 тобының студенті Балықова Сандуғаш 1 дәрежелі дипломға ие болды. Сандуғаш Балтықова конференцияда «Creolized texts as a means of modern communication in foreign language teaching» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі PhD, ПМПУ доценті Ахметбекова Әсел Мейрамқызы бұл конференцияның мақсаты, ең алдымен, студенттердің ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін ынталандыру және заманауи мәселелерді шешуге жас ғалымдарды тарту болғандығын атап өтуде.

 

 

Алматы қаласында өткен "Жарқын жол" атты республикалық жастар шығармашылық байқауында шет тілі мамандығының 1-курс студенттері Перизат Жұмабай, Ақмарал Миеміш пен Сания Абдуллина Бас жүлдені еншіледі. Биыл домбыраны алғаш үйрене бастаған біздің күйші қыздар байқауда Дина Нұрпейісованың "Науаи" күйін жоғары деңгейде ойнады.

 

 

Өскемен қаласында ШҚМУ-да өткен еліміздің ЖОО студенттері арасындағы «қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығы бойынша  ХІ Республикалық пән олимпиадасында  ҚТӘ-41 тобының студенті Алтынбек Әділбек және ҚТӘ-31 тобының студенттері Алуа Адамжанова мен Аяжан Ашимова командалық ІІІ дәрежелі грамотамен марапатталды. Сонымен қатар біліс сайысында үздік жоба қорғаған біздің студенттер ІІ дәрежелі грамотаға ие болды. Ғылыми жоба жетекшісі: ф.ғ.к., профессор Ы.Б. Шақаман.

 

 

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері Махаббат Бейсембаева, Евгения Белоусова мен Валентина Яресько республикалық пәндік олимпиаданың шығармашылық сайысына қатысқаны үшін 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық жоо студенттер арасындағы пәндік олимпиада Нұр-Сұлтан қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде өтті.

 

ҚжЭН-21 тобының студенті Сәния Пішембаева мен МТ-31 тобының студенті Асылхан Рахым Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚазГЮУ-да өткен «Адал жастар – еліміздің гүлденуінің кепілі» атты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жалпыреспубликалық жастар форумына қатысты. 

Неміс тілінен өткен республикалық студенттер олимпиадасы қорытындысы бойынша шет тілдері кафедрасы ИА-22 тобының студенті Камила Дүйсекина екінші орынды еншіледі. Олимпиада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өтті. Камиланы дайындаған ұстаз – аға оқытушы Әдемау Қайыргелдіқызы Ақылбекова.

 

БШ-12 тобының студенті Айдар Әлімбеков Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында өткен ағылшын тілінен республикалық студенттік олимпиадада үшінші орынға ие болды. Айдарды ағылшын тіліне дайындаған аға оқытушы Бағлан Қалымтайқызы Жұмакелдина.

 

Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Битва умов» атты интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша шет тілі мамандығының 3-курс студенті Артықжан Сафарбаев І орынға, биология мамандығының 3-курс студенті Шыңғыс Төлебай ІІ орынға және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті Ақмарал Ибадуллаева ІІІ орынға ие болды.

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пән олимпиадасына ҚжЭН-41 тобының студенттері А. Нышанбек, А.Мырзабек, Н.Қуанышқызы мен Л.Жаппар жеті ЖОО-нан келген 7 команда арасынан 3-орынға ие болды. Біздің студенттер диплом, сертификат, бағалы сыйлықпен және команда жетекшісі Алғыс хатпен марапатталды. ПМПУ ректоры А.Нухұлы атына Алғыс хат жолданды. Студенттер командасын аға оқытушы Қ.Т. Кабдулина дайындады.

5В011400 "Тарих" мамандығының студенттері Данияр Құсайынов, Денис Курц, Айжан Иманшарипова мен Гүлбаршин Сманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен археология және этнология бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадада ІІІ орынды иеленді.

ҚТӘ-31 тобының студенті Әйгерім Оразбек елордадағы «Bilim Órkenienti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткізген републикалық "Жылдың үздік студенті" атты байқауына белсенді қатысқаны үшін төсбелгімен және Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар Әйгерім Оразбек республикалық «Жас қаламгер» атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысында үшінші орынға ие болып, ІІІ дәрежелі дипломмен және сертификатпен награтталды.

 

Сәния Темерханова, «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2018 жылғы түлегі, «Қазақ аруы - 2019» республикалық байқауының жеңімпазы.

 

«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша 2016 жылғы (Алматы қ.) Республикалық олимпиада командасының мүшелері – студенттер: Нұрмұхамбетова Гүлжан, Садық Наржан, Швец Анжелика. Осы білім сайысында аталған команда жалпыкомандалық екінші орынға ие болды

 

РиЛ-42, РЛН-42 тобы студенттері кураторлары Галина Николаевна Старченкомен бірге Достық үйінде үшінші Цветаева апталығы іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталу рәсімінде

 

Тәуелсіздік күніне арналған гуманитарлық факультеттің «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік кешінде факультет деканы Қуаныш Ерғалиев бірінші семестрдің қорытындысы бойынша үздік оқу үлгерімі, ғылыми ізденіс жолындағы жетістіктері және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан студенттерді Алғыс хаттармен марапаттады. Факультет бойынша барлығы 27 студент Алғыс хатқа ие болды

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2-курс студенттері ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған екі іс-шара өткізді

 

Гуманитарлық факультет студенттері “Demo Day” іс-шарасына белсенді қатысты. Осы іс-шара қорытындысы бойынша ШТА-31 тобының студенті Артықжан Сафарбаевтың «NewTon» жобасы көп балл жинаған жобалар қатарынан көрінді

 

Дәстүрге айналған Ректор балы - 2018 іс-шарасының жеңімпаздары – «ПМПУ ханзадасы мен ханшайымы» гуманитарлық факультет студенттері Жұмабай Дәурен мен Жұмабай Перизат