Перейти к содержимому страницы.

ППУ талапкерінің жол көрсеткіші

        Келесі жылы 60 жасқа толатын, Павлодар педагогикалық университеті, педагогикалық мамандықтарды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Мұнда көпдеңгейлі оқыту формасы бойынша мамандарды дайындайды.                  

Осы жерден жетістікке жету жолы басталады!

              

 

Басқарма төрағасы – университет ректоры – Жанбол Октябрович Жилбаев 

Мансабында табысты кәсіпқойды және біліктілігі жоғары маманды даярлау университеттің негізгі мақсаттарының бірі. Біздің түлектер Павлодар Ертіс өңірінде ғана табысты жұмыс істеп жатқан жоқ, сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарында сұранысқа ие.

Біздің білім – Сіздің игілігіңіз!

 

Павлодар педагогикалық университетінде көпдеңгейлі білім беру жүйесі іске асырылады (колледж – бакалавриат – магистратура – докторантура).

ППУ – ды таңдау арқылы – Сіз болашағыңызды таңдайсыз!

                 

                    

ППУ құрылымына төрт жоғары мектеп кіреді:

                      «Педагогика» жоғары мектебі

                      «Гуманитарлық ғылымдар» жоғары мектебі

                      «Жаратылыстану» жоғары мектебі

                      «Өнер және спорт» жоғары мектебі 

                                                                     ... бізбен бірге оқыңыз, бізде білім алыңыз!

Педагогика жоғары мектебі

Оқу процесінде студенттер педагогика және психологияның іргелі курстарын оқып үйренеді. Әдістеме бойынша үздік дайындық алады.
                      

Кім біледі – сол үйретеді! Білім игілікке!

 

 Гуманитарлық ғылымдардың жоғары мектебі

 Тарихты білгіңіз келеді ме және лайықты деңгейде тілдерді үйренгіңіз келеді ме? Сіз өте жақсы тарихшы және тіл маманы болғыңыз келеді ме?
 Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенті атансаңыз, мұның бәрі мүмкін болады.
       

Сізге жетістік өздігінен келмейді... Сіз оған жетесіз!

Жаратылыстану жоғары мектебі

Саяшыл сарықасты көктем сарықасынан айыра алғысы келетіндерге, кірпікшелі кебісшені және амебаны микроскоп арқылы көргісі келетіндерге, Вюрц колбасын және дифлегматорды білгісі келетіндерге, әлемдік тартылыс заңын және арифметикалық прогрессия, синус және косинус сөздерінің мағынасын түсінуге құлшыныс танытқандарға, мектеп тақтасындағы картаның алдында өзін «капитан» ретінде көргісі келетіндерге және тұсбағдарды қолдана алатындарға. Сіздің армандарыңыздың жүзеге асуына көмектесетіндер:
       

Нақты білім – нақты өмір үшін!

Өнер және спорт жоғары мектебі

Қиын сәттерде күш береді, жаңа жетістіктерге шабыттандырады және қуаныш сыйлайды, сезімдерді оятады және терең эмоциялар тудырады, зияткерлікті дамытуға және стандартты емес шешімдер табуға көмектеседі. Жоқ, бұл сиқырлы таяқша туралы емес. Бұл – өнер.
      Денешынықтыру және спорт – адам тұлғасын қалыптастыру құралдарының бірі, ол тек физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар моральдық қасиеттерге әсер етеді.
       Спортсмендер – үнемі алға ұмтылатын, шешім қабылдай алатын және мақсатқа бағытталған адамдар, олардың ұраны «Жоғарырақ! Тезірек! Күштірек!». Рухтандырылғандарды, күштілерді және шешім қабылдай білетіндерді дайындайтындар:
   

       Павлодар педуниверситетіне түсіңіз-басым бол!