Перейти к содержимому страницы.

«Шет тілі» ББ

"0111000 Шет тілі" мамандығы бойынша ББ іске асыру мақсаты – кәсіби өсуге және ұтқырлыққа қабілетті, психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында түйінді және кәсіби құзыреттерге ие, сондай-ақ шет тілі мұғалімінің кәсіби міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы гуманитарлық пәндер мамандық бойынша терминологияны меңгеруді, өзінің кәсіби қызметі саласында жұмыс істеу үшін тілдерде қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

"0111083 шет тілі мұғалімі" біліктілігін алған түлек мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарында; бастауыш, негізгі және бейінді мектепте; мамандандырылған мектепте; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында маман ретінде жұмыс істей алады.

Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілердің жоғары оқу орындарында ұқсас мамандық бойынша қысқартылған оқыту нысаны бойынша оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.