Перейти к содержимому страницы.

«Дене шынықтыру және спорт» ББ

Колледж жалпы орта және негізгі білім негізінде күндізгі, сырттай оқу түрлері бойынша «0103000 Дене шынықтыру және спорт»білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, олардың мазмұны колледж миссиясына сәйкес келеді және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жауап береді.

Білім беру бағдарламаласы іске асыру салалық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес келетін, сондай-ақ еңбек нарығы мен білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын болашақ мамандардың базалық және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Түлек моделі бағдарлама бойынша оқуды аяқтаған кезде бітірушілердің меңгеруі тиіс кәсіби, жеке және базалық құзыреттіліктеріне интеграцияланған, оларды тәжірибеде қолдану тәжірибесі мен білімдерінің жиынтығы болып табылады.