Копия Бос лауазымдар
"Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті" ШЖҚ РМКбос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
- Ақпараттандыру орталығы бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы- 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік білімі, жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес. Еңбек ақысы – 58046 теңге.
- Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті тіркеу офисі оқу нәтижелерін тіркеу және есепке алу секторының басшысы - 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік білімі, жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес. Еңбек ақысы – 60701 теңге.
- Медициналық пунктінің 0,5 мөлшерлемелі жалпы практикалық дәрігері - 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары медициналық білімі, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, мемлекеттік өкілетті органмен берілген, нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыратын құқығымен, медициналық қызметкерге белгілі үлгімен берілген сертификат. Еңбек ақысы – 25130 теңге.
- Стратегия және мониторинг департаменті аналитикалық бөлімнің бастығы – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік білімі, жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес. Еңбек ақысы – 58046 теңге.
- Корпоративтік беделді дамыту және кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша бөлімнің бастығы - 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік білімі және жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес немесе орта- арнайы кәсіптік білім, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес. Еңбек ақысы: 59108 теңге орта кәсіптік білімі болған жағдайда және жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, 58046 теңге – жоғары білімі болған жағдайда.
Қажетті құжаттар тізбесі:
- өтініш;
- кадларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- білімі туралы дипломдарының біліктілік лауазымына қойылған талаптарына сәйкес және түпнұсқалары салыстыру үшін көшірмелері;
- Біліктілігі арттыру және қайта даярлау (болған кезде) туралы сертификаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін көшірмелері;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа жіберу);
- наркологиялық ұйымда конкурсқа қатысушы есебінде емес деген туралы анықтама;
- психикалық-неврологиялық ұйымнан конкурсқа қатысушы есебінде емес деген туралы анықтама;
- Қазақстан Респуликасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы бойынша есепте болуы не болмауы туралы анықтама;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі
Конкурсқа қатысушы оның білім беруіне байланысты, кәсіптік деңгейін, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі туралы құжаттары мен біліктілігін растайтын қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішті хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады 2019ж. 05 сәуірден және 18 сәуір аралығында. ( сағат 18ººдейін).
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, кадрлар бөлімі, 125-кабинат, сағат 9.00-18.00-ге дейін, анықтама телефоны: 8 (7182) 65-16-33