Оқуға түсуге қажетті құжаттар
Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
- жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
- 3 x 4сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ҰБТ сертификаты (бар болса);
- "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
6) ҰБТ сертификатын;
7) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
8) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік.
Көрсетілетін қызметті алушылар – І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
3) 3x4 көлеміндегі цифрлық фото;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.;
5) ҰБТ сертификаты;
6) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы мәліметтерді, медициналық анықтама, ҰБТ электрондық сертификаты және білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (ақпараттық жүйелерде болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталда "жеке кабинетінде" ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік жылдың 10-25 тамызы аралығында құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.