Перейти к содержимому страницы.

DEAR STUDENTS!

Құрметті білім алушылар! 

Ұлы Витовт университеті (Vytautas Magnus University, Литва) 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар қабылдауды жариялайды. 

Номинациялардың соңғы мерзімі-2021 жылдың 11 мамырына дейін.

Оқуға онлайн өтінім беру мерзімі: 2021 жылдың 17 мамырына дейін 

Қажетті құжаттар (сканерленген түрде):

- төлқұжат;

- ағылшын тіліндегі транскрипт (GPA орташа балы 2,67-ден кем емес);

- ағылшын тілін білу B2 деңгейінен төмен емес;*

- ғылыми зерттеу жоспары (тек докторанттарға арналған)

* тіл білімі туралы сертификаты жоқ барлық студенттерге ЖОО ішіндегі тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. 

Оқуға арналған пәндермен сілтеме бойынша таныса аласыз:

https://www.vdu.lt/en/international-cooperation/for-students/courses/ 

Өтінім беру рәсімі және нұсқаулық туралы толығырақ мына жерден көре аласыз:

https://www.vdu.lt/en/international-cooperation/for-students/vmu-bilateral-exchange-studies/incoming-exchange-students/ 

** Қабылдаушы ЖОО-да оқу ақысын төлеу талап етілмейді.

Тұруға, медициналық сақтандыруға, виза алуға, жол жүруге, тамақтануға байланысты барлық шығындарды студент өз есебінен төлейді. 

!!! Назар аударыңыз, егер Covid-19 жағдайы мүмкіндік берсе, 2021-2022 жылдың күзгі семестріне оқуға өтініштер, шет елге шығу арқылы қабылданады. Оқыту қабылдаушы ЖОО-ның келісімі бойынша онлайн режимде ұйымдастырылуы мүмкін. 

Барлық сұрақтар бойынша Интернационалдандыру бөліміне хабарласуға болады: inter_pspi@mail.ru