ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ СЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
13.04.2023
Ғылым онкүндігі аясында Гуманитарлық бағыт бойынша Халықаралық конференцияның секциялық отырыстары сәтті өтті, ал студенттер ғылымның әртүрлі салаларындағы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісе алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Шет тілі: екі шет тілі, тарих - ғылымның осы салаларының барлығы конференцияда ұсынылғандығы бұл оның жан-жақтылығы мен маңыздылығын көрсетеді. Конференция шетелдік жоғары оқу орындарының, жоғары колледждердің студенттері, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген оқушылар қатысқанымен маңызды болды. Бұл тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен практикалық тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік.
«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың негізгі трендтері» секциясында 87 баяндама қабылданып, секция отырысында 55 баяндама тыңдалды.
«Шет тілі: екі шет тілі» бағыты бойынша қазіргі таңда ағылшын тілін оқытуда белсенді әдістерді қалай қолдануы керек, цифрлық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдану сынды тақырыптар, Алматы қ. Е. Сысоева «Особенности организации процесса обучения английскому языку в больших группах», «Института языков и культуры народов Северо-Востока Российской Федерации» университетінен С. Борисова «Исследование транспозиционного влияния якутского языка на английский язык» тақырыптары қамтылды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша. Қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері тақырыптарында баяндамалар жасалды. Университетіміздің және М. Қанапьянов атындағы Жоғары колледждің, Павлодар технологиялық колледжінің студенттері қатысып, бір-біріне сұрақтар қойып, ғылыми
пікірталастар болды. Ерекше айта кететін, «Павлодар техникалық сервис колледжі» КМК ЖШҚ, токарь мамандығының 2-курс студенті Анкабаев Қалдыбек «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ғылым-білімге көзқарасы» тақырыбында баяндама жасауы болды.
«Русский язык и литература» бағыты бойынша «Орыс тілі сабақтарында цифрлық ресурстарды пайдалану», «Сабақта инновациялық кіріктірілген әдістерді қолдану маңызы», «Аутентивті мәтіндерді қолдану технологиясы» осы тақырыптардағы зерттеулер авторлық құқық алуға ұсынылды.
«Тарих» бағыты бойынша тарихи маңызы бар: «Ертістің Павлодар өңіріндегі меценаттық қызмет», «Латын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері», «Дала өркениетін зерттеу» тақырыптары т.б. қозғалды.
Бірлескен жұмыс білім алушылардың ғылыми жобаларының сапасын арттыруға бағытталған проблемалық мәселелер арқылы ұйымдастырылып, конференцияда колледждің, тірек мектептердің оқушылары мен олардың ғылыми жетекшілері мектеп шеңберінде жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды және одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасау бағыттарын анықтады.
Әділ қазылар алқасы тарапынан мерзімді баспаға жариялауға болатын ғылыми маңызы бар мақалалар ұсынылды.