Перейти к содержимому страницы.

NeoNatalAI: ЦИФРЛЫҚ КӨМЕКШІЛЕР

29.10.2025

2025 жылдың 5–29 қазан аралығында Марғұлан университетінде «NeoNatalAI: босану мен нәрестеге күтім жасауға арналған цифрлық көмекшілер» студенттердің жобалық ойлауын, цифрлық дағдыларын және заманауи мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу қабілеттерін дамытуға бағытталған хакатон өтті. Іс-шараға Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындары мен колледждерінен 12 команда қатысты.

Хакатон үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар өз идеяларын әзірлеп, жетілдіріп, прототиптер жасап, оларды сарапшы қазылар алқасына ұсынды. Қорытынды, үшінші кезең 2025 жылғы 29 қазанда өтіп, ең мықты және ынталы қатысушыларды біріктірді.

Жарыс нәтижесінде орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — Устименко Артём (Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, «Информатика» мамандығы) — PeriBloom жобасы.
2-орын — Мусина Данель, Жазыбаева Арайлым, Аскапов Арлан (Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.) — MamaConnect прототипі.
3-орын — Кахималаев Бараат, Попандопуло Аристид, Тулеубаев Адиль (Ақпараттық технологиялар колледжі, Павлодар қ.) — Smart Mama жобасы.
4-орын — Ахметбек Гүлназ, Ахметжан Аида (Әлкей Марғұлан атындағы ППУ, «Информатика» мамандығы) — janANA жобасы.
5-орын — Марат Ажар, Муканова Айша, Сабыр Айдана (Кенжегали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес университеті, Алматы қ.) — BabyVoice жобасы.

Хакатонның демеушісі «Capital Invest» ЖШС болып, бастамаға қолдау көрсетіп, жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Хакатон қазылар алқасының құрамына IT және жасанды интеллект саласындағы сарапшылар, жоғары оқу орнының оқытушылары мен іс-шараның серіктестері кірді. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтар мен сертификаттар алды, ең бастысы — топтық жұмыс тәжірибесін, креативті ойлау мен инновациялық шешімдерді әзірлеу дағдыларын дамытты.

Хакатон идеялар алмасу, шабыттану және білім мен технология саласындағы жаңа мүмкіндіктерді іздеу алаңына айналды.