Перейти к содержимому страницы.

ТҮЛЕКТЕР ТӘЖІРИБЕСІ – БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҮЛГІ

29.10.2026

Марғұлан университетінде «Биология» және «Химия» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған кәсіби тәжірибе алмасу кездесуі өтті.

Кездесуге өткен жылғы түлектер – бүгінде Шоқин атындағы №16 жалпы орта білім беру мектебінде еңбек етіп жүрген Максим Сергеевич Ли мен Айгерім Жұмажанқызы Зкенова қатысты.

Жас педагогтер студенттерге кәсіби қалыптасу жолдары, мектептегі жұмыс ерекшеліктері және алғашқы еңбек тәжірибесі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар болашақ мұғалімдерге педагогикалық қызметке дайындалу жөнінде практикалық кеңестер берді.

Кездесу барысында заманауи сабақтың құрылымы, тиімді оқыту әдістерін таңдау, оқушыларды оқу үдерісіне белсенді тарту, олардың дербестігі мен сыни ойлау қабілетін дамыту мәселелері талқыланды. Түлектер сабақ жоспарын құру мен оны өткізуде ескерілетін маңызды тұстарға тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу студенттерге мектептегі нақты жұмыс жағдайымен танысып, болашақ мамандығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді. Мұндай басқосулар университет пен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, жас мамандардың тәжірибесін болашақ педагогтерге жеткізуге ықпал етеді.

Іс-шараны Марғұлан университетінің Мансап және практика орталығының басшысы Татьяна Владимировна Гаврилова ұйымдастырды.