ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЛІК: МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗДЕСУІН МОДЕРАТОРЛЫҚ ЕТТІ
19.11.2026
Павлодар қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өңірдегі этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуі өтті. Жиынға Марғұлан университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, Павлодар облысының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Айгүл Маратқызы Садыкова модератор болды.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауын түсіндіру және оның басым бағыттарын талқылау. Қоғамдық диалогтың жаңа институты ретінде құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Жолуда белгіленген стратегиялық міндеттерді өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселелерін ортаға салды.

Жиында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Н. Г. Микаелян, И. В. Георгиади, Т. Ш. Мақышев, Д. И. Павленко және жерлесіміз Н. Г. Арсютин өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ өңір атынан Железин ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Ш. К. Нургалиева, «Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы О. Л. Николашина, Май ауданындағы «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі филиалының төрайымы Э. С. Оразалина және жастар қанатының көшбасшысы Р. Р. Смаилов сөз сөйледі.
Талқылау барысында отбасылық құндылықтарды сақтау, мәдени мұраны дәріптеу, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және қазақ тілінің қоғамдағы біріктіруші рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті қалыптастырудағы өңірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен тілектерін білдіруге мүмкіндік алды.
%20—%20копия.jpeg)
%20—%20копия.jpeg)