Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

Коканов Шерхан Дәулетұлы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің мақсаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің мақсаты Қоғамның және оның қызметкерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері
- Қоғамның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
- Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
- заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің өкілеттіктері
- өкілеттіктерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтындарын сұратады және алады;
- Қоғамның цифрлық жүйелері мен дерекқорларына қол жеткізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тексеру іс-шараларын, қызметтік тексерулерді және қызметтік тергеп-тексерулерді жүргізуге қатысады;
- қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғадан, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде басқа тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің ақпаратын тыңдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді;
- жеке мүдделер туралы декларацияларды талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған өзге де ақпаратты зерделеу арқылы мүдделер қақтығысын анықтауды жүзеге асырады.
Мекен-жайы: Қазақстан, Павлодар қ., Олжабай батыр к-сі, 60 бас ғимарат, 214 кабинет.
Сенім телефоны: 87075665379
Егер Сіз сыбайлас жемқорлыққа немесе бопсалауға тап болсаңыз,
«сенім телелефон» арқылы хабарласыңыз
тел. +7-707-566-53-79
Құпиялылық пен анонимділікке толық кепілдік беріледі.



.jpeg)