МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
03.11.2025
Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде 2005–2007 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен «Жас барыс» облыстық турнирі өтті. Додаға Павлодар облысының әр өңірінен келген 150-ге жуық жас палуан қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық пен нағыз спорттық рухты танытты.
Жарыста Марғұлан университетінің спортшылары ерекше көзге түсіп, түрлі салмақ дәрежелерінде бірқатар жүлделерге ие болды.
Турнир жеңімпаздары атанғандар: Нұржол Бақытжан (1-орын, 72 кг), Сабит Ерен (1-орын, 82 кг), Ерикбол Солдат (1-орын, +100 кг), Ансар Кохабай (1-орын, 55 кг) және Тлеубек Каламсия (1-орын, 66 кг).
Максат Ануарбек 72 кг салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болды.
Ал Расул Изат (72 кг), Альтаир Касенов (90 кг), Диас Маратұлы (66 кг), Диас Кендебай (60 кг) және Ертай Анарбек (66 кг) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын иеленген палуандар Павлодар облысының намысын қорғап, алдағы уақытта Астанада өтетін «Жас барыс» республикалық чемпионатына жолдама алды.
Жеңімпаздарды және олардың бапкерлерін құттықтап, республикалық деңгейдегі додада сәттілік пен жеңіс тілейміз!


