Перейти к содержимому страницы.

MU СПОРТШЫЛАРЫ ДЗЮДОДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

05.11.2025

Өткен демалыс күндері Павлодар қаласында 2006–2008 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан облыс чемпионаты өтті. Жарысқа өңірдің ең мықты спортшылары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігері мен нағыз спорттық рухты көрсетті.

Жарыста Марғұлан университетінің спортшылары тамаша нәтижелерге қол жеткізді:

  • Алина Кисибекова — 1-орын (70 кг дейін);
  • Расул Турлыбек — 2-орын (100 кг дейін);
  • Каламсия Тайтұяқ — 3-орын (65 кг дейін);
  • Амир Кабиев — 3-орын (70 кг дейін);
  • Ерикбол Солдат — 3-орын (100 кг дейін).

Университет ұжымы мен бапкерлер құрамы спортшыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа табыстар тіледі!