Перейти к содержимому страницы.

ТІРЕК МЕКТЕПТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ!

30.10.2025

Павлодар қаласындағы №41 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті. Іс-шара Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетімен бірлесе ұйымдастырылды.

Семинардың тақырыбы — педагогтар мен оқушылардың мотивациясы. Қатысушылар шетел тілдерін оқытудың заманауи әдістемелеріне, ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллектті қолдануға және мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлді.

Семинардың спикерлері — Margulan University университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Алия Жолдабаева және осы оқу жылында аталмыш бағдарлама аясында екінші шетел тілі ретінде түрік тілін оқытып жүрген Түркиядан келген оқытушы Мустафа Режеп Инсар Аджар болды.

Спикерлердің баяндамалары, идеялары мен тәжірибелік ұсыныстары қатысушылар үшін нағыз шабыт көзіне айналды. Баяндамалардан кейін мұғалімдер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, жылы қабылдауы және Margulan University-мен тиімді ынтымақтастығы үшін №41 мектеп директоры Нұргүл Шампатовна Рахимгожинаға алғыс білдіреміз.