«ОТАН» СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
28.10.2025
Марғұлан университетінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасы ұйымдастырған тарих апталығы өз мәресіне жетті. Апталықтың қорытынды шарасы ретінде «Отан» студенттік ғылыми үйірмесінің отырысы өтті.
Отырыста ИШ-32 тобының студенті Богдан Руденко «Аббасидский халифат как центр исламской цивилизации Средневековья» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамашы Аббас әулеті халифатының саяси, мәдени және ғылыми өмірінің негізгі қырларын ашып көрсетіп, бұл мемлекеттің исламдық білім мен руханияттың ірі орталығы ретіндегі маңызын және әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Студенттің ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н. Е. Кузембаев.
«Отан» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б. Құдайбергенұлы баяндаманың мазмұндылығын және студенттердің белсенділігін атап өтті.
Отырысқа «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі Б. Н. Абдрахманов, профессор-оқытушылар құрамы – З. Ш. Айткенов, А. М. Садыкова, А. К. Тисбаева, сондай-ақ студенттер мен магистранттар қатысты.
Іс-шара тарих апталығын мазмұнды әрі әсерлі түрде қорытындылады.



