Перейти к содержимому страницы.

ҰСТАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДАН БАСТАЛАДЫ

18.01.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің барлық курс студенттері үшін 16 қаңтардан бастап педагогикалық тәжірибе басталды. Ол болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Студенттер Павлодар қаласының 60-қа жуық білім беру ұйымдарынан тәжірибеден өте бастады. Оның ішінде инновациялық мектептер де бар: «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия», «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Лицей-интернаты», «Жас дарын» мамандандырылған мектебі», «Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты», «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты».

Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» практикадан өту үшін 3-4 курстың 55 студенті жіберілді. НЗМ базасында жыл сайын нұсқаушы және қорытынды конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Осы жылы да студент-практиканттардың жұмыс жоспарына байланысты бірлескен конференция өтті. Мектеп директоры Думан Сапаков студеттерге сәттілік тіледі. Студенттер үшін «Lеsson planning», «Оқушылармен жобалық жұмысты ұйымдастыру», «Формативті және критериалды бағалау», «Бағалау үшін тапсырмаларға бағалау критерийлері мен дескрипторларды әзірлеу», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» семинарлар, коучингтер және мастер – кластар, әдістемелік сағат, ашық сабақтар жоспарланған.

Педагогикалық практика процесінде студент әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін кәсіби қызметтің белгілі бір жоғары деңгейіне жетуі керек. Ол педагогикалық қызметтің тұтас бейнесін қалыптастыруы керек. Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға жүйелі және өзара байланысты теориялық және практикалық дайындығы негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін,- дейді мансап орталығының басшысы Майра Байтанаева.