University of Pannonia физик-ғалымдарының жаңартылатын энергия көздері туралы дәрісі
24.11.2021
ERASMUS + жобасының шеңберінде Павлодар педагогикалық университетінде University of Pannonia инженерлік факультетінің доценті, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі зерттеу тобының жетекшісі доктор Габор Пинтердің және осы университеттің ғылыми қызметкері, доктор Винче Андраштың (Венгрия) "Фотоэлектрлік энергияны пайдалану кезінде энергияны сақтаудың маңыздылығы" тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Іс-шараға "Физика" білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Павлодар педагогикалық университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінің доценті Айнұр Сейтханованың айтуынша, бүгінгі таңда экологиялық таза жаңартылатын энергия көздерінің бағыты бүкіл әлемде өзекті болып табылады. Өйткені, ХХІ ғасырдың басындағы адамзат қызметінің тән ерекшелігі - энергия тұтынудың тез өсуі.
Күн энергиясы - күннің энергиясын электр энергиясына тікелей түрлендіруді қамтамасыз ететін экологиялық таза жаңартылатын, ең перспективалы энергия көздерінің бірі деп танылып келеді.
Соңғы 20-30 жылда күн энергетикасының өсу қарқыны орта есеппен шамамен 30% - ды құрады. Мұндай қарқынды өсу өндірісті кеңейту арқылы да, фотоэлектрлік түрлендіргіштердің жаңа құрылымдары мен жұмыс принциптерін дамыту арқылы қамтамасыз етіледі.
Осы саладағы көшбасшылардың бірі Паннония университетінің (Венгрия) ғалымдары болып табылады.
Кездесу аясында қатысушылар фотовольтаиканың негізгі физикалық принциптері мен материалдары, сондай-ақ күн модульдерінің технологиясы мен метрологиясы, күн электр станцияларын жобалау және пайдалану туралы қосымша білім алды. Лекторлар күн модулін өндіру технологиясының соңғы HIT (Heterojunction with Intrinsic Thin layer) технологиясын қоса алғанда, кремний негізіндегі күн батареяларын өндіру мәселелеріне ерекше назар аударды.