СЕЙФИТДЕН НАЗЫМБЕКҰЛЫ СҮТЖАНОВТЫҢ 75 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫ
28.10.2025
Ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері Сейфитден Назымбекұлы Сүтжановтың 75 жасқа толуына арналған салтанатты құттықтау шарасы өтті.
Шараға «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің» Басқарма Төрағасы - Ректор Ержан Әмірбекұлы қатысты.
Сейфитден Сүтжановтың «Тұлғалар тағылымы» атты монографиясының тұсауын Инновациялық Еуразия университетінің Маркетинг және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профессор Бейсембаев Амангелді Рақышұлы және “Үштұғырлы тіл” кафедрасының меңгерушісі,ф.ғ.к., Торайғыров университетінің профессоры Зейнуллина Айман Файзуллақызы кесті.
Мерейтой иесін әріптестері мен қатар, кәсіподақ ұйымдары мен “Ақсақалдар алқасы”, шәкірттері мен студенттері арнайы құттықтады. Мерейлі тойға арналған іс-шаралар легі осымен аяқталған жоқ, “Филологияның өзекті мәселелері және даму бағыттары” атты 31-ші қазан күні ғылыми семинар өткізілмек.









