Перейти к содержимому страницы.

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ТУРАЛЫ СЕМИНАР

19.04.2022

Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым онкүндігі аясында «Тарихты оқыту әдістемесі: жетілдіру және инновациялар» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты - зерттеуші-докторанттар мен практик-мұғалімдер арасында ашық диалог орнату. Дөңгелек үстелге Павлодар қаласының ғана емес, облыстың басқа да елді мекендерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты. Модератор - т.ғ. д., профессор Г. Е. Өтепова, алғы сөзді гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің деканы, т.ғ.к., Кәрімова Анар Еркенқызы сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында докторанттар: Омаров Арман ("Тарих сабағында білім алушылардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытудың болашағы мен мәселелері"), Жәкібаева Гүлдана ("Қазақстан тарихын зерттеу курсында мұрағат материалдарын пайдалану"), Шәкім Маусым ("Қазақ халқының музыкалық мұрасы негізінде Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі"), Макішева Айжан (Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану") баяндама жасады. Докторанттар Ақшолақова Бибігүл "Үш тілде білім беру аясында тарих сабақтарында flipped learning, CLIL және case study технологияларын пайдалану" және Құсайынов Данияр ("білім беру кеңістігіндегі мұражай: заманауи тәжірибелер") шеберлік сыныптарын өткізді.

Мектеп мұғалімдері Ю.Саворовский, Б. Базен, Л. Байханова өз пікірлерін білдірді, олар тарихты оқыту әдістемесінің мәселелерін зерделеу қажеттілігін растады және докторанттардың тақырыптары оқу процесін жетілдіру үшін өзекті және қажет екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының соңында барлық қатысушылар аталған іс-шараға қатысқаны үшін сертификаттар алды және «Тарих» Білім беру бағдарламасының оқытушылары мен докторанттары ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниет білдірді.