ҰНДЫЛЫҚТАР ҮНДЕСТІГІ
11.09.2025
Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Shakarim University делегациясын қарсы алды. Делегацияны университет ректоры Думан Орынбеков бастап келді.
Қонақтарды Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы жылы лебізбен қарсы алып, оқу орнының стратегиялық бағыттары, ғылыми бастамалары мен білім беру басымдықтары туралы баяндап, университеттің білім беру философиясының негізінде жатқан құндылықтардың ерекше маңызын атап өтті.
Іссапар барысында меймандар университеттің оқу және ғылыми инфрақұрылымымен танысты. Делегация оқу корпустарын, спорт кешенін, студенттер жатақханасын және тарих, археология және мәдени мұраны сақтау саласына арналған жобалар жүзеге асырылып жатқан Археологиялық зерттеулер институтын аралады.
Кездесу қорытындысында екі тарап та ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен білім беру мен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
Жылы әрі достық жағдайда өткен кездесудің шынайы көрінісі ретінде делегация мүшелері академик Әлкей Марғұлан бюсті жанында естелік суретке түсті.