ӘКЕ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
17.07.2025
Бүгін Мұсахан Канапьянов атындағы жоғары педагогикалық колледжіне Еуразиялық мәдениет фондының президенті, композитор, публицист қоғамқайраткері, меценат Ерулан Мұсаханұлы Канапьянов келді. Қарсы алушылар
қатарында Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Есенгельдин Бауыржан Сатыбалдыұлы, Басқарма аппаратының басшысы Жанар Байсеитова және колледж қызметкерлері болды.
Өз сөзінде Ерулан Мұсаханұлы: -«Колледж жұмысын үнемі әлеуметтік желілерден бақылап, назардан тыс қалдырмаймын. Алдағы уақытта да университет басшылығымен етене жұмыс жасап, серіктестігімізді
жалғастыра түсеміз деген үміттемін» -деді.
Мұсахан Канапьянов ескерткішінің алдында өткен жиында колледждің алғашқы директоры болған, бүгінгі күні Марғұлан университетінің қабылдау комиссиясы және профориентациялық жұмыс бөлімінің басшысы Гүлнар Манатқызы Мусановаға, қоғам қайраткері Жұмабек Камзинге және колледждің ашылуына сүбелі үлес қосқан, меценат Әділ Бексұлтановқа «Мұсахан Канапьянов» медалін Ерулан Мұсаханұлы жеке табыстады.