ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ ЖЕТІСТІГІ
05.09.2025
Марғұлан университетінің студенті Айжанар Найманова қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында III дәрежелі дипломның иегері атанды.
Бұл байқау А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының базасында өтті.
Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 45 ғылыми жұмыс ұсынылған болатын.
Айжанардың жетістігіне оның ғылыми жетекшілері — PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Қ. Сағынтаева және ф.ғ.к, профессор Қ.С. Ерғалиев зор үлестерін қосты.
Жас зерттеушімізді шын жүректен құттықтаймыз!