«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР
23.04.2023
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің базасында Қазақстан Республикасындағы мұғалімдердің білімін жетілдіруге арналған «Мұғалімдердің білім беру әлеуетін күшейту» семинары өтті.
Семинар Дүниежүзілік банктің «Мұғалімдердің білім беру әлеуетін күшейту» жобасы аясында ұйымдастырылды. Хаме қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) жобаны үйлестіруші жетекші кеңесші болып табылады. Жобаның жетекші серіктестері: Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебі және JAMK қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев бұл жоба өз ұйымдарында нәтиженің тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мұғалімдер білімін жүзеге асыратын университетті өзгерту агенттерінің әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 17 университет жобаның негізгі қатысушылары болды.
Жоба аясында мұғалімдерді оқыту моделі мен 30 инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді. Қатысушы университеттер профессорлық-оқытушылар құрамын дамыту бағдарламасын әзірлеп, енгізді, оның барысында 900-ден астам оқытушы жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқытылды. Келесі қадам осы бағдарламаларды білім беру үдерісіне енгізу және оқытушылар даярланатын елдің барлық университеттерін (49) қамту үшін кеңейту болады.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко бірқатар жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірлесіп мамандарды даярлау, ғылыми-зерттеу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу өз нәтижесін бергенін атап өтті. «Екі жыл бұрын біз Ғылым және жоғары білім министрлігі және Дүниежүзілік банктің мұғалімдердің білім беру әлеуетін арттыру жобасы аясында әзірлеушілерді іріктеу конкурсына өтінім бергенде, біз сол өзгерістер агенттері болатынымызды елестете де алмадық. Біздің министрлікке, жобаның бастауында тұрып, соңына дейін жеткізгендердің барлығына алғыс айтамын», - деді ол.
Бұл жоба білім беруді жаңғыртудың кең ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Оның аясында инклюзивті білім берудің жаңа моделін қалыптастыруға басты назар аударылады. Педагогтарды ADOS-2 аутизмді ерте диагностикалау әдістемесіне оқыту, ерекше қажеттілігі бар балаларды коррекциялық қолдау және жоғары оқу орындарын арнайы құрал-жабдықтармен жабдықтау жоспарлануда.