МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒЫС КҮНІНІҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
03.03.2023
Марғұлан атындағы университеті «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушылары Қазақстандағы Алғыс айту күніне орай Павлодар қаласының мектептерінде сабақтар өткізді.
Ашық сабақтарды Павлодар облысы ҚХА сарапшылық тобының мүшесі, «Тарих» Білім беру бағдарламасының жетекшісі Бауыржан Абдрахманов, Павлодар облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы, т.ғ.к. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Әсел Аманова және «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушы-сарапшысы Гүлнар Тохметова өткізді.
Іс-шаралар балаларды қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Ұстаздар бұл мерекенің шығу тарихын айтып берді. Алғыс айту күні Қазақстанның тарихи оқиғаларының көрінісі іспеттес. Қиын-қыстау қуғын-сүргін кезінде қазақ даласына көптеген ұлт өкілдері жер аударылды. Жер аударылғандарды пойыздардан түсіріп, далада қалдырған. Қазақ халқы жат жұртты үйлеріне қабылдап, нанымен бөлісіп, құшақ жая қарсы алған.
«Тарих» Білім беру бағдарламасының жетекшісі Бауыржан Абдрахманов өз дәрісінде Алғыс айту күні Қазақстанда жаңа мереке екенін, оның дәстүрлері енді ғана қалыптасып жатқанын атап өтті. Бірақ олар бүгінде еліміздің біртұтас халқын құрайтын әрбір этностың мәдениеті мен рухани құндылықтарын көрсетеді.
«Мереке көпұлтты елдің халқы арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісіне айналуға арналған. Ұлттық мерекедегі барлық іс-шаралар ортақ тарихи жадының айнасына, қазаққа деген ризашылықтың көрінісіне айналды», – деді Бауыржан Нариманұлы.
1930 жылдары ұжымдастыру барысында Қазақстанға 250 мың шаруа жер аударылды, КСРО-ның түкпір-түкпірінен тағы 1 миллион 200 мың адам өнеркәсіп орындарын салу үшін қоныстандырылды.