Перейти к содержимому страницы.

Әлемге әйгілі ғалым Абдурахим Кучбоевтың семинар-тренингі

23.12.2021

Павлодар педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бір ай бойы жұмыс істеген ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Абдурахим Кучбоев «ПТР көмегімен өсімдіктер мен жануарлардың түр-спецификалық ДНҚ-сын анықтау» атты қорытынды семинар-тренинг өткізді.

Оқыту заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған Павлодар педагогикалық университетінің Биоценология және қоршаған ортаны зерттеу ғылыми орталығының базасында «Биология» білім беру бағдарламасының магистранттары, докторанттары, оқытушылары мен қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Павлодар педагогикалық университетінің биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының директоры Бибігүл Жұмабекованың айтуынша, молекулалық биологияның соңғы жетістіктері және молекулалық әдістердің кеңінен қолданылуы тірі организмдердің систематикасы, таксономиясы мен филогенезінде төңкеріс жасады.

ПТР әдісі нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ молекуласы) бар кез келген ағзаның (өсімдік, жануар, бактерия, вирус, адам) биологиялық материалдарын зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Ағзаның түрін анықтау үшін тек морфологиялық және анатомиялық сипаттамалар ғана емес, сонымен қатар биохимиялық және генетикалық зерттеулердің мәліметтері де қолданылады. Молекулярлық-генетикалық паспорттар барған сайын кең таралуда, жануарлар мен өсімдіктердің бағалы, сирек және құрып кету қаупі төнген түрлерінің ДНҚ банктері құрылды, экономикалық маңызды өсімдік түрлерінің, жануарлардың, адам ауруларының қауіпті қоздырғыштарын молекулалық диагностикалаудың сенімді, жылдам және арзан әдістері ПТР негізінде әзірленуде.

«Әлемдік деңгейдегі ғалыммен тілдесіп, тәжірибе алмасу, білім, осы бағыттағы озық зерттеулердің әдіс-тәсілдерін тақылау оқытушыларымыз, магистранттар, студенттеріміз үшін өте маңызды», - дейді Бибігүл Қабылбекқызы.
Кездесу барысында биология ғылымдарының докторы, профессор Абдурахим Кучбоев қатысушыларды ПТР талдауы арқылы жануарлардың жүйелік тиесілігін анықтаудың соңғы әдістерімен таныстырды.
Абдурахим Ерғашұлы зертхананың молекулярлық-генетикалық зерттеулерге арналған құрал-жабдықтармен жабдықталуының жоғары деңгейін атап өтті. Биоценология және қоршаған ортаны зерттеу ғылыми орталығының зертханасында электрофорезді анықтаумен классикалық ПТР да, нақты уақыттағы ПТР талдауын да жүргізуге болады. Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) молекулалық биологиядағы ең жарқын жетістіктердің бірі болып табылады. Әдіс ғылымның әртүрлі салаларында кеңінен тарады. ПТР әдісі өзінің өте жоғары ерекшелігі мен сезімталдығына байланысты медицинада, биологияда, ветеринарияда, сот сараптамасында, санитарлық қызметте және адам қызметінің басқа салаларында қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, әлемге әйгілі ғалым, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Зоология институтының молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, профессор Абдурахим Кучбоев «Ауыл шаруашылығы ғылымдарының үздік ғылыми қызметкері» номинациясы бойынша жыл ғалымдарының лауреаты атанды. Scopus Awards – Ташкент, 2018 ж., 250-ден астам отандық және шетелдік ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 2 монографияның, Хирш индексі – 3 (Scopus) авторы, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда және т.б. ғылыми тағылымдамадан өткен.