ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША СЕМИНАР
13.01.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту жөніндегі халықаралық жобасының 4 кезеңі шеңберінде әзірленген педагогтардың біліктілігін арттыру курстары аяқталды. Курс семинары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Финляндия мен Дүниежүзілік Банктің бірлескен жобасы шеңберінде өтіп жатыр. Курстың мақсаты – педагогтарды өзара тәжірибе алмастыру, жаңартылған білім беру жүйесін қолдануды меңгеру, шетелдік білім беру жүйесінің озық тәжірибесін алу және оқытушыларды кәсіби дамыту.
Семинар барысында мұғалімдерді оқытудағы тенденциялар, білім беру бағдарламасын дамыту тетіктері, студентке бағдарланған оқыту принциптері, бағалау саясаты, сонымен қатар сындарлы үйлестіру тұжырымдамасы талқыланды.
Университет оқытушылары «Мұғалімдердің білім беру тенденциялары», «Студентке бағытталған оқыту», «Бағалау саясаты, нысандары мен жүйелері», «Оқыту мен оқудың заманауи білім беру әдістері», «Гүлденген орта», «IT құзыреттіліктері» атты тренингтерге қатысты. Педагогикалық әзірлеуші О.К.Андрющенконың жетекшілігімен білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша университет командасының мүшелері Семенова М.В., Нұрмағамбетова Б.А., Жапарова Б.М., Баталова О.Б., Ахметова Л.Н., Сағитова Ж.С., Мұқанова Р.Ж., Гаврилова Т.В. модераторлар және жаттығу фасилитаторлары болып жұмыс істеді.
Курс тыңдаушылары семинар пайдалы әрі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Абзулдинова Гүлсім Кенжебекқызы мазмұнды, қызықты курс үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«Ғылым және жоғары білім министрлігі, Финляндия және Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасына қатысушылар командасы бізбен үлкен жұмыс атқарды. Семинар барысында біз өзімізге көптеген пайдалы дүниелер алдық. Оқушыға бағдарланған оқытудың инновациялық технологияларының маңыздылығын атап өткім келеді. Әрине, білімнің ортасында оқушы болуы керек. Оқу-тәрбие процесі ең алдымен оқушы үшін қызықты болуы керек. Соның арқасында студент өз силлабустарымызда жоспарлаған нәтижеге келеді. Біздің жұмысымызда Финляндия сынды білім саласы көшбасшыларының тәжірибесін қолдану өте маңызды», – дейді Гүлсім Кенжебекқызы.