ЖҮЙЕЛІ СӨЗ ИЕСІН ТАБАДЫ, ЖҮЙЕСІЗ СӨЗ КИЕСІН ТАБАДЫ: ПРОФЕССОР ЗИФА ТЕМІРҒАЗИНАНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ ДӘРІСІ
14.04.2023
Филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Темирғазинаның «Казахское проклятие қарғыс как речевой жанр» тақырыбында ашық дәрісі өтті. Университетте ғылым онкүндігі аясында өткен ауқымды шараға Қазақстан ЖОО және алыс-жақын шетел оқу орындарының ғалымдары мен білім алушылары онлайн режимде қатысты.
Профессордың лекциясын Дрезден техникалық университетінің (Германия Федеративтік Республикасы), П.М. Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы), Қарағанды университетінің ғалымдары, оқытушылары мен білім алушылары тыңдады. Сондай-ақ, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдары, студенттері де қосылды. Одан бөлек бірқатар мектеп мұғалімдері мен оқушылары да тамашалады.
Бұл жолы іс-шараның форматы бірінші кезекте басқа елдердің тыңдаушыларына бағытталды және оларды Қазақстан мәдениетімен жақынырақ таныстыруға мүмкіндік берілді. Әрине, Зифа Какбаевна филология мәселелерімен тікелей айналысатын білім алушыларды да назардан тыс қалдырмады. Лекция барысында әдістемелік және дәйекті түрде сөйлеу жанры туралы айтып, күрделі ғылыми терминдерді дәрісіне енгізді. Оларға талдау жасай отырып, қызықты тілдік фактілерге түсініктеме берді және қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне тоқталды. Содан кейін-қызу пікір-таластар болып, сұрақтар қойылды. Соңында А.Шамкенов атындағы лицей мектебінің олимпиада қатысушылары ризашылық білдірді.
«Зифа Кәкбайқызының ашық дәрістері қызықты өтті. Біз оқушылармен бірге дәріске 3-ші рет қатысып отырмыз. Оқушылар Ғылым әлеміне бойлап, ғылыми зерттеудің аспектілерімен танысады. Бұл оқушылар - пәндік олимпиада мен ғылыми жобалар байқауының қатысушылары. Тыңдаушылар арасында Марғұлан университетінің грант иегері Вострейкин Данил, қалалық лингвистикалық олимпиаданың жеңімпазы Леликов Игорь бар. Бізбен бірге Калюга Алина (олимпиадалық резерв) келді, оны тілдік зерттеулер, Татару Елизавета, (олимпиадалық резерв), ол салыстырмалы лингвистика мәселелеріне қызығушылық танытады»- деді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнара Еркінқызы Казкенова.
10- сынып оқушысы Игорь Леликов Зифа Какбаевнаның дәрісінен өзі үшін көп пайдалы мағлұмат алғанын атап өтті. 11-сыны оқушысы Данил Вострейкин: «Маған Зифа Какбаевнаның көтерген тақырыбы өте қызықты және өзекті болды, алдағы уақытта да осы сияқты шараларға қатысуға тырысамын. Өйткені менің болашақ мамандығым – тіл білімімен байланысты. Профессорлар өздерінің білімдерімен және тәжірибелерімен бөліскендіктен, осындай мүмкіндікті пайдалану керек», - деді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.к. Гибадат Орынханова: «Зифа Какбаевна, қызықты және танымдық дәрісіңіз үшін алғыс айтқым келеді. Есенов атындағы Ақтау университетінің студенттері, оқытушы Фаузия Саметовамен бірге барлығы 12 қатысушы болып тыңдадық. Ұзақ талқыладық, пікірталасқа түстік. Барлық тыңдаушылардың атынан Сізге үлкен рахмет!».
Зифа Какбайқызы сөз саптауы мен ғылыми пайымдауы қатысушыларды бей-жай қалдырмады, ойға ой қосты және барлығына шабыт беріп, шығармашылықпен жігерлендірді.