Перейти к содержимому страницы.

"АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ" АТТЫ ДӘРІСТЕР ЛЕГІ

02.03.2022

Университет қабырғасында университет студенттері үшін «Алғысымыз шексіз» тақырыбында ашық дәрістер циклі өткізілді. Алғыс айту күніне арналған іс-шараны «Тарих» ОП факультетінің ұйымдастыруымен өтті.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, т.ғ.к., доцент А.Кәрімова өзінің құттықтау сөзінде барша қауымды мерекемен құттықтап, Алғыс айту күнінің тарихи маңыздылығына, оның ерекшеліктері мен негізгі қағидаларына тоқталды.
Дәріс берушілер – «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі, т.ғ.к., доцент Б.Абдрахманов, т.ғ.к., доцент, А.Аманова, оқытушы-сарапшы Г.Тохметова, PhD докторы, доцент А.Садықова.

Дәріс оқыған т.ғ.к., «Тарих» ББ доценті, Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы ҒСТ төрайымы А.Аманова «Халықтарды депортациялау немесе күштеп қоныстандыру еліміздің өткен кезеңіндегі ең қасіретті беттердің бірі болып табылады. Депортацияға байланысты оқиғалар ұзақ уақыт бойы жабылды»,- деп атап өтті. Көрермендер назарына АЛЖИР туралы қайғылы тағдырды баяндайтын бейнематериал ұсынылды.

Депортация тарихына арналған еңбектердің авторы Г.Тохметова «Павлодар облысы аумағына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі депортацияланған халықтар тарихының беттері» атты лекциясында мұрағат құжаттары мен куәгерлердің естеліктерімен таныстырды. «Қазақстанға көптеген этностардың өкілдері, соның ішінде поляктар, корейлер, немістер, шешендер, ингуштар, балқарлар, қалмақтар, ирандықтар, түріктер, күрдтер және т.б. күштеп көшірілді. Жергілікті халық қиын жағдайда олармен баспанасымен, нанымен бөлісіп.. қолдау көрсетті, - деп атап өтті лектор.

Іс-шара қорытындысы бойынша пікір-талас ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Алғыс айтамын» акциясы өтіп, оның аясында барлық қатысушылар бір-біріне ризашылықтарын білдіруге мүмкіндік алды.

PhD докторы, «Тарих» ББ доценті, Павлодар облысы аумағына депортацияланған халықтардың тарихын және лагерьлердің тарихын зерттеумен айналысатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобының мүшесі А. Садықова өз сөзінде студенттер үшін мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті: «Бүгінде әлемде Қазақстан жерінде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр, сондықтан бұл мереке өте маңызды. Өскелең ұрпақ тарихты біліп, еліміздің аумағында тұратын этностар өкілдерінің тарихи және мәдени мұрасын құрметтеуге тиіс».