Перейти к содержимому страницы.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жобалау бойынша республикалық семинар өтті

24.01.2022

Павлодар педагогикалық университетінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жобалау бойынша республикалық семинар өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары білім берудің өзекті мәселелерін, оқыту бағдарламаларын, үлгілерін және оқу жолдарын жаңғыртудағы инновациялар мен тенденцияларды талқылады.

Республикалық семинардың спикерлері жобалық кеңселердің басшылары, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, Дүниежүзілік банктің педагогикалық білім беруді жаңғырту жобасының қатысушылары болды.

Кездесу барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының доктор А.М.Байділдина «БББ дамытудағы құзыреттілік көзқарас» тақырыбында презентациясын жасады.

Қазақ қыздар ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология инситутының ғылым және инновациялар жөніндегі директордың орынбасары, аға оқытушы Исаева Л.Т. әріптестерін Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктерімен және Финляндия тәжірибесімен таныстырды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білім беру бағдарламаларының меңгерушісі А.Е. Беделбаева баяндамасы жоғары білімдегі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жобалау тақырыбына арналды.

Шәкәрім атындағы университеті Негізгі білім беру бағдарламалары дирекциясының директоры У.Б. Тілемісов интеграцияланған және қосымша (минор) білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Павлодар педагогикалық университетінің жоғары педагогика мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент Б.А.Нұрмағамбетова білім беру бағдарламаларын әзірлеуде нормативтік-құқықтық құжаттардың ерекшеліктерін ескеру тақырыбына тоқталды.

Павлодар педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенконың айтуынша, бүгінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту аясында ертең білім берудің қандай мазмұнына сай болады деген мәселе өзекті болып отыр. Нәтиже – университеттердің жаңа буынының пайда болуы, олардың мақсаты мен миссиясының айтарлықтай кеңеюі.

«Ғылым мен білім бір орында тұрмайды. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеу үшін біз жаңа тенденцияларға ілесіп, жаңа тәсілдер мен екпіндерді қолдануымыз керек. Біздің кездесуіміз – білім беру бағдарламаларын жаңғыртудағы инновациялар мен тенденцияларды дамыту, түсіну үшін біртұтас университетаралық кеңістік құру үшін талпыныс, сонымен қатар, әрине, тәжірибе алмасу», - дейді Ольга Константиновна.

Семинар университетте 2022 жылдың 17-21 қаңтар аралығында өтетін «Педагогикалық шеберлікті арттыру және инновациялық әлеуетті дамыту» Қысқы мектеп аясында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қысқы мектеп аясында Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен «Оқыту нәтижелерін критериалды бағалау» тақырыбында шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.