Перейти к содержимому страницы.

ТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТ ҒАЛЫМДАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПКЕРЛІГІ ЖӘНЕ ЭКОИНОВАЦИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

04.03.2022

Павлодар педагогикалық университетінде «Strategic partnership for AGRI-entrepreneurship and EcoInnovation» Erasmus+ жобасының ашық есік күні аясында «Агрокәсіпкерлік және экоинновацияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – Erasmus+ бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау, Erasmus+ бағдарламаларының идеяларын тарату, сондай-ақ қолданыстағы жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын құру.

Конференцияға АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Ресей және Қырғызстан ғалымдары қатысты.

Экономика ғылымдарының докторы, доцент, AGRI жобасының үйлестірушісі (Болгария) Дарина Заимова «Erasmus+ жобасы аясында агрокәсіпкерлік пен экоинновацияның рөлі туралы» баяндама жасады.

Қырғыз Республикасының Халықаралық университетінің ғалымдары: э. ғ.д., "Халықаралық бизнес" кафедрасының меңгерушісі Расул Тулеев, э.ғ.к., доцент Сергей Семенов, PhD докторы Ақжолтой Абикова ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-идеяларымен бөлісті.

Э.ғ.к., Уральск мемлекеттік экономикалық университетінің (Ресей) «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» кафедрасының доценті Марина Видревич ауыл шаруашылығын инновациялық дамыту талаптарды ескере отырып, Эразмус+ жобасы аясында профессорлық-оқытушылар құрамын даярлаудың ерекшеліктері туралы айтты.

PhD докторы, Павлодар облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Ирина Чидунчи Павлодар облысының заманауи техногендік әсерінің экологиялық аспектілеріне тоқталды.

Халықаралық конференция аясында "Ауыл шаруашылығында жаңа кәсіпкерлік идеялардың қалыптасуы – уақыт тенденциясы", "Аграрлық кәсіпкерлік пен экоинновацияны оқытудың заманауи мәселелері және стратегиялық серіктестік пен тәжірибе алмасуды дамыту" және "Erasmus+: тұрақты ынтымақтастық, интеграция, перспективалар" тақырыптарында секциялар жұмысы жүргізілді.

Шетелдік ғалымдар Павлодар педагогикалық университетінің студенттері түрлі салада жан-жақты білімдерін көрсетіп жатқанын атап өтті. Университет қабырғасында студенттерге ұстаздық мамандықтың қыр-сырын үйретіп қана қоймай, бизнесті оқыту, агрокәсіпкерлік пен экоинновацияны дамыту дағдыларын қалыптастырады.

«Конференция Erasmus+ бағдарламаларын жүзеге асыру, білім беруді, кәсіпкерлікті және инновацияны дамытуда тұрақты серіктестікке қол жеткізудегі одан әрі ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатын ашық диалог алаңына айналды», - деді Павлодар педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин.

Педагогикалық университеттің студенттері мен оқытушылары академиялық ұтқырлық пен Erasmus+ бағдарламалары бойынша ТОП-500-ге кіретін университеттерде тағылымдамадан өтуге және оқуға мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн. Университет тек ғылыми жобаларды ғана емес, студенттердің стартаптарын да әзірлейді. Барлық білім беру бағдарламаларының студенттерінде конкурстарға қатысуға, стартапты бизнеске айналдыруға және өз әзірлемелерімен халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндіктері бар.