Перейти к содержимому страницы.

2021 ЖЫЛҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

28.01.2022

Павлодар педагогикалық университетінде 2021 жылғы ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындысына арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Ғылыми кеңестің төрағасы – Павлодар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Жанбол Октябрьұлы Жилбаев өзінің кіріспе сөзінде пандемияның қиын уақытына қарамастан университетте ғылыми-зерттеу қызметі саласында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, профессор Есенгелдин Бауыржан Сатыбалдыұлы Ғылыми кеңеске университеттің 2021 жылы ғылыми-зерттеу бағыты бойынша атқарған жұмысының қорытындысын ұсынды.

Павлодар педагогикалық университетінде қазіргі таңда 252 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 16 ғылым докторы, 73 ғылым кандидаты, 23 PhD докторы. 2021 жылы университеттің 3 оқытушысы доцент ғылыми атағын алды, 4 докторант PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Бекен Сағындықұлы Республикалық «Үздік ЖОО оқытушысы-2021» байқауының жеңімпазы атанды.
2021 жылы университет ғалымдары 16 ғылыми жобаны жүзеге асырды, оның ішінде 4-і ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында, 12-сі келісімшарттық жұмыстар бойынша. Қаржыландырудың жалпы сомасы 72,7 млн теңгені құрады. Бір штаттық оқытушыға шаққандағы қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жқмыстары көлемі 288,6 мың теңгені құрады.

Университеттің елеулі жетістігі – 4 жыл ішінде Академиялық басымдылық орталығы жобасы аясындағы инвестициялық ұсыныстар бойынша ұлттық байқауында 4 млрд теңгеге жеңіске жетуі. Қазіргі уақытта 15 пайдалы модель патенті бар. 2021 жылы университет ғалымдары авторлық құқықтары мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы 10 сертификат алды.

Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Бауыржан Есенгелдиннің айтуынша, есепті кезеңде университет базасында 20 ірі ғылыми іс-шара ұйымдастырылды. ЖОО оқытушыларының 500-ге жуық жұмыстары, оның ішінде 12 монография, 20-дан астам мақала нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда жарияланған.

«Университет студенттері әртүрлі деңгейдегі конференциялар жинақтарында 300-ге жуық мақалалар жариялады. 20-дан астам ғылыми үйірмелер белсенді жұмыс істейді, оларға 600-ден астам студенттер қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша халықаралық олимпиадаларда 15, республикалық -66, ЖОО ішілік іс-шараларда 43- жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, 8 студенттік команда республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары атанды», - деді Бауыржан Сатыбалдыұлы.

Қазіргі уақытта Павлодар педагогикалық университеті 108 шетелдік университеттермен, ұйымдармен және бірлестіктермен келісім-шартқа отырған. Эразмус+ желісі бойынша 2 халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Басқарма төрағасы – Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері сандық көрсеткіштердің жалпы оң динамикасын сипаттайтынын атап өтті. Бұл университет мектептері ұйымдастырған ғылыми іс-шаралар: ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер санының артуы. Хирша көрсеткіштері бар профессорлық-оқытушы құрамы саны артып келеді. Ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемі ұлғайды: 2020 жылғы 20 миллион теңгеден 2021 жылы 72 миллион теңгеге дейін өсті.

"Университетіміздің бай ғылыми-білім беру дәстүрлері, ғылыми жұмысқа жоғары талап қоятын мықты кадрлары бар. Университеттің жақсы ғылыми әлеуетін негізге ала отырып, біз келешекке сніммен қараймыз", - деді Жанбол Октябрович.

Ғылыми кеңес отырысы барысында Жоғары педагогика мектебінің деканы Нұрмағанбетова Ботагөз Амангелдіқызының Павлодар педагогикалық университетін дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы Жоғары мектептің қызметі туралы баяндамасы тыңдалды. Бүгінде мұнда университеттің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірінде бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 9 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындалуда. Оқушылардың жалпы саны 2000-нан астам адам.

Оқу қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіштердің бірі абсолютті көрсеткіш болып табылады, ол бүгінгі күні 85% құрайды. Университет табыстылығының, білім сапасының маңызды критерийі – түлектердің жұмысқа орналасуы. Университетті бітірген студенттердің жұмысқа орналасу деңгейі 96 пайызды құрайды. Бұл білім саласы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ететін оқу орнының тиімді қызметінің жақсы көрсеткіші.