Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ САПАЛЫ ПЕДАГОГ ДАЙЫНДАУ ЖОЛЫНДА КҮШ БІРІКТІРУДЕ

16.10.2023

Бүгін Марғұлан университетінің Педагогикалық шеберлік орталығында «ЖОО - Мектеп» атты дөңгелек үстел өтті, оған Павлодар қаласы мектептерінің басшылары, Павлодар облысы білім басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының өкілдері қатысты.

Марғұлан университетінің ректоры Жанбол Жилбаев құттықтау сөзінде университет ғалымдары мен мектеп ұжымдарының кадр даярлау, түлектерге қолдау көрсету, ғылыми қамтамасыз ету, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу және т.б салалардағы бірлескен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол мұғалімдердің біліктілігін арттыру саласында шешімін талап ететін бірқатар мәселелер бар екенін айтты.

«Мұғалімдердің республикалық съезінде Мемлекет басшысы: «Болашақ педагогтар шынайы білім беру үдерісіне тереңірек енуі үшін жоғары оқу орындары мектептермен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек» деген болатын. Бүгін біз сіздермен білім беру бағдарламаларының сапасына және студенттеріміздің дайындығын арттыруға бағытталған ортақ мәселелер мен жобаларды талқылау үшін жиналып отырмыз», - деді Жанбол Октябрьұлы.

Кездесу барысында жаңадан бастаушы педагогтардың мансаптық дамуы, оқу үдерісіне барлық қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты құру, мектеп оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту, сонымен қатар мектепте жұмыс істеудің заманауи құралдары талқыланды.

Марғұлан университетінің проректоры Ольга Андрющенко мектеп ұстаздарына болашақ мұғалімдерді дайындауға арналған «Педагогикалық коллоборация» және «Тәлімгерлік» атты инновациялық жобаларды талқылауға ұсынды. Ұсынылатын жұмыс түрлері: шеберлік сабақтары, ашық дәрістер болашақ мұғалімдердің аудиториясына оқу бітіргенге дейін педагогикалық қауымның тәжірибесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Іс-шара бағдарламасында көрініс тапқан тағы бір үрдіс онлайн сабақтарды әзірлеу барысында мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамыту болды. Айта кетерлігі, биыл Марғұлан университетінде ашылатын Қазақстан үшін жаңа мамандық – ағылшын тілінің медиа мұғалімі мамандығының түлектері де цифрлық дағдыларға ие болады.

Бүгінгі таңда университет еңбек нарығының қажеттіліктеріне және техникалық қайта жарақтандыруға ғана емес, сонымен қатар барлық мүдделі тараптарды белсенді түрде қамтуға сүйене отырып, білім беру мазмұнын қайта өзгертуде. Мәселен, өткен жылы университет реестріне 6 инновациялық бағдарлама енгізілсе, жыл соңына дейін тағы 12 бағдарлама әзірленетін болады. Жаңа білім беру бағдарламалары мектеп мұғалімдерімен де талқыланады.

Марғұлан университетінің оқытушылары, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қызметкерлері және өңірдегі мектеп мұғалімдері болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттырып, олардың үздіксіз кәсіби шыңдалуына жағдай жасау мақсатында бірлесе жұмыс атқаруды көздеп отыр.