Перейти к содержимому страницы.

MARGULAN UNIVERSITY-де РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

24.10.2025

24 қазан күні Марғұлан университетінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Айта кетсек, шара жаңадан жөндеуден өткен үлкен залда ұйымдастырылып, мерекелік атмосфераны ерекше айшықтай түсті

Университет ректоры Ержан Әмірбекұлы барша қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күні – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және Қазақстанның бай мәдени мұрасының символы екенін атап өтті.

Мереке қарсаңында университеттің 22 қызметкері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет дипломдары, Грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат иелерінің қатарында профессорлар, доценттер, оқытушылар, сондай-ақ университеттің инфрақұрылымдық және оқу бөлімдерінің қызметкерлері бар. Сонымен қатар, Нүркен Ерболұлы Күзембаев пен Баян Жұмашевна Сарыбаеваға қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Мерекелік көңіл-күйді «MuZA» таланттар академиясының шығармашылық ұжымдары жалғастырды. Сахна төрінде Өнербек Нартай, Амантай Қорлан және «Жебе» тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ, Жанар Сәгитова жетекшілік ететін музыкалық ансамбль алғаш рет сахнаға шығып, «Шыныаяқ тастар» және «Гүлдерайым» шығармаларын орындады.