ТАРИХ БІЛГІРІ
24.10.2025
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде Тарих апталығы аясында «Тарих білгірі» атты интеллектуалды квиз ойыны өтті. Мақсаты – студенттердің Қазақстан мен дүниежүзі тарихынан білімдерін кеңейту, командалық рухты дамыту және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойынға «Тарих» білім беру бағдарламасының 1–3 курс студенттері қатысты. Командалар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және ұжымдық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Қорытынды бойынша үздік үш топ анықталып, марапатталды. Құттықтаймыз!

















