Перейти к содержимому страницы.

«Серпін іскерлері» ұйымы

Студенттер, мектеп бітіруші түлектер арасында үгіт-насихат жүргізетін ұйым. 

Председатель: Жаухар Сүйрік

Мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.

«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

«Серпін» жобасы бойынша ма­мандық алудың аясы кең. Педагогикалық, ауыл шаруашылығы мен ветеринария, техникалық, тіпті медициналық бағыттар бойынша жастардың білім алуына жол ашылып отыр. 

«Серпін» бағдарламасына бөлінетін грант 2017 жылы 4 мыңға дейін көбейтіледі. Жобаға қатысатын ЖОО саны да артпақ. Әлеуметтік бастама аясында елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделген. Бағдарлама аясында оңтүстік жастары шығыс пен солтүстіктен білім алып, аймақтағы халық саны мен экономикасын көтеруге өз үлестерін қосады. Ең бастысы, ана тілін ұмытқан жандарды қазақыландыруға атсалыспақ. Жобаға бүгінде Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының түлектері қатыса алады.