ҚОЛДАНБАЛЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР
15.03.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Дорджи Банзаров атындағы Бурят Мемлекеттік университетінің ынтымақтастық туралы келісімі аясында «Сәндік-қолданбалы және техникалық шығармашылық: дәстүрлер мен заманауилық» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараға РФ Бурят Мемлекеттік университетінің Технологиялық білім беру кафедрасының және Қазақстан Республикасы Павлодар педагогикалық университетінің «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының оқытушылары, РФ технология мұғалімдері мен ҚР Көркем еңбек мұғалімдері, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің педагогтары, студенттер, магистранттар қатысты.
Іс-шараға қатысушыларды ППУ ғылым жөніндегі проректоры Б.С. Есенгелдин және БМУ Педагогикалық институтының директоры Н.Ж. Дагбаева құттықтап, сәттілік тіледі.
Семинарға қатысушылар негізгі жалпы және жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде педагог кадрларды даярлаудың қазіргі жағдайында сәндік-қолданбалы және техникалық шығармашылықты сақтау мен дамытудың; сәндік-қолданбалы және техникалық шығармашылық саласында жинақталған тәжірибені жинақтау мен таратудың өзекті мәселелерін талқылады.
БМУ ПИ технологиялық білім беру және кәсіптік оқыту кафедрасының меңгерушісі И. Л. Дульчаева «Студенттерді сәндік-қолданбалы және техникалық шығармашылық құралдарымен мәдени құндылықтарға баулу» мәселесі бойынша сөз сөйледі
Ә. Марғұлан Қазақстанның сәндік - қолданбалы өнерін зерттеуші ретінде «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының жетекшісі Ф.А. Курабаева айтып берді.
Бурятия Республикасындағы үздіксіз білім беру туралы «Шоқжұлдыз» РМХТТ қосымша білім беру педагогы, БМУ магистранты Н.В. Харихин әуе және ракеталық модельдеуді оқыту мысалында сөз сөйледі.
Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің автомоделдеу үйірмесінің жетекшісі Р.В. Маричев техникалық шығармашылықта сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Пазникова З.И., п. ғ. к., БМУ технологиялық білім беру және кәсіптік оқыту кафедрасының доценті «Бурятия халықтарының дәстүрлерімен таныстыру процесінде оқушылардың мәдени әлеуетін дамыту» баяндамасын ұсынды.
Өткен және қазіргі заманғы киіз басу өнері мен технологиясы туралы ППУ ӨжСЖМ оқытушы-сарапшысы Г. С. Алинова айтып берді.
Ресей Федерациясының №7 орта мектебінің технология мұғалімі И. П. Клюшева технология сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларды сәндік-қолданбалы шығармашылықпен таныстыру тәжірибесімен бөлісті.
Юсупова З.К., «Көркем еңбек, графика және жобалау» ББ магистранты, Шапық Шокин атындағы ЖОББМ көркем еңбек мұғалімі «Қазақстан мектептеріндегі көркем еңбек сабақтарында сәндік - қолданбалы өнер» тақырыбында баяндама жасады.
Қазақ және Бурят ұлттық ою-өрнектерінің салыстырмалы талдауын ППУ ӨжСЖМ оқытушы-сарапшысы И.Г. Дәулетова жасады.
Полимерлі балшықтан ұлттық зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабағын «Онохой балалар шығармашылығы үйі» МАУ қосымша білім беру педагогы Д.Б. Бадмаева ұсынды.
Квиллинг техникасындағы Бурятияның ою-өрнек өнерінің заманауи интерпретациясы туралы Бурятия Республикасы Иволгин ауданы «Сотников ЖОББМ» МАО технология және сызу мұғалімдері қауымдастығы төрағасының орынбасары Н.П. Оскорбина баяндады.
Семинар барысында пікір алмасылды. Тараптар осындай кездесулер мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, серіктестік алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.