Перейти к содержимому страницы.

«PPU media» жас тілшілер клубы

Сәлем, құрметті студент! Егер сен журналистикаға қызықсаң «PPU media» жас тілшілер клубының мүшесі болуға шақырамыз.

Біз туралы:

-2022 жылы 13 қазанда салтанатты ашылуы болды. Ұйымда журналистикаға ерекше қызығатын студенттер жиналған. Әр апта сайын «Апта қорытындысы» түсіеріледі. Айына екі рет студияға қонақ шақырып, сұқбат аламыз. Клубтың әр мүшесі дамушы тұлға, болашағына инвестиция құюшы.

-Қазір тек университет ішінде ғана емес облыстық редакциялармен де байланыс орнаттық. Облыстық «Найзатас» журналына жарты жылға журналға жазылдық. Ресми түрде түбіртек табысталды, журналистерден шеберлік сағат алдық;

-Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде ай сайын «Jas times» қосымшасына материалдарымыз жарияланады;

-Алматы қаласы, ҚазҰУ мен «Ұлан» газетінің ұйымдастыруымен  «Жас тілшілер форумы - 2023» қатыстық. Республикалық деңгейдегі журналистерден дәріс алдық;

Ұйым мүшесі болу үшін қандай талаптар қойылады:

-Жаза білу;

-Көркем сөз саптау;

-Ашық, адамдармен қарым-қатынаста қысылмау;

 

Алда сені не күтеді:

-Университет жаңалықтарымен бір толқында болу;

-Түсірілімдер (съемки);

-Телеарна, радио, газет-журнал редакцияларына экскурсия;

-Қызықты кейіпкерлермен сұқбат;

-Өзіңді диктор сезің (әр апта сайын апта қорытындысы түсіріледі);

-Білім ордамыздағы іс-шаралардан репортаж түсіру;

-Мақала жазу;

Егерде сен өзіңнің бойыннан журналиске тән қабілеттерді көрсең оны әрі қарай дамытуға керемет мүмкіндігің бар. Өміріңнің ең қызықты кезеңін өзің құр. Табысты студент бол.

instagram