Перейти к содержимому страницы.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ - БОЛАШАҚ БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫҢ КЕПІЛІ

21.12.2020

Болашақ педагог мамандарды даярлауда тек жоғары оқу орындарының үлесі ғана емес, орта кәсіптік білім берудің маңызы зор. Колледж – практикалық білімге бағытталған мамандарды оқытуда университет пен мектеп арасындағы межелік аралықтағы оқу орны болып табылады. Олардың кейбіреулері арнаулы мамандық беретін дербес орта оқу орны болып есептелсе, ал кейбіреулері жоғары оқу орындарының (университеттер мен академиялардың) құрамдас бөлігі болып саналады. 

М.Қанапиянов атындағы ППУ жоғары колледжінде студенттерді оқытудың маңызды бағыттарының бірі – оқу іс-тәжірибесінен өту. 2020 жылдың қараша айында Рил-22 тобының студенттері «Студенттердің таңдауы бойынша» педагогикалық практикасынан өтті.

Ұйымдастыру отырысында студенттерді практикалық сабақтың жоспарымен таныстырды. Нормативтік құжаттамамен жұмыс жасау, сабақ конспектілерін құру, сабаққа дайындық және сыныптан тыс жұмыстар бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар студенттерге практикалық мақсаттар қойылды:

  1. Сабаққа дайындалу үшін бар теориялық білімдерді пайдалана алу;
  2. сабақ өткізуге қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру;
  3. сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу кезінде оқытушымен және оқушылармен коммуникативті дағдыларын дамыту;
  4. мұғалімге қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту.

«Павлодар қаласындағы №34 инновациялық типтегі мектеп» мемлекеттік мекемесі мен КМО «Курчатов қаласындағы №3 мектебінде» өткен  практикалық сабақтар барысында студенттер нормативтік құжаттамамен, пәндік бағдарламалармен, «Психологиялық жайларды ұзақмерзімді (ҰМЖ), ортамерзімді (ОМЖ) және қысқамерзімді (ҚМЖ) жоспарлау үдерістерімен» танысты. Сондай-ақ студенттердің кәсіби тәжірибесінде сабақтарға және сыныптан тыс жұмыстарға материал сұрыптау, тікелей сабақ өткізу сияқты міндеттемелер артылды. Әлемдік пандемияға байланысты күрделі ахуалды ескере отырып, студенттер сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды қашықтықтан жүргізді. Осы себепті ZOOM, Google Classroom сияқты бағдарламалармен жұмыс істеп, алған тәжірибелерін практикада қолданды.  

praktika

praktika2

praktika3

Рил-22 тобының студенті Анастасия Джагипарова: «Іс-тәжірибеде көп қызықты заттарды игердім. Нормативтік құжаттамамен таныстым, сабақ конспектілерін қалай дұрыс құруға болатындығын білдім. Бұл мен үшін танымды болды. Тағылымдамадан өткен мұғалімім Подгайная О.В. аса мұқият, қайырымды жан. Ол маған балалармен жұмыс істеуде үлкен көмек болған кеңестер берді. Тәжірибе кезінде мен студенттермен жұмыс кезінде де, оқытушымен де көптеген жағымды әсер алдым. Өзіме мұғалім болғаным және балалармен жұмыс істегенім қатты ұнады».

Рил-22 тобының студенті Дана Найманова: «Маған практика өте ұнады! Балалармен онлайн жұмыс істеуді Zoom платформасында игердім. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткіздім. Директор Г.К. Мусановаға сондай-ақ директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары К.П. Елубаеваға, тәжірибе жетекшісі Е.В. Гордееваға бізге көмектескені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз».

Рил-22 тобының студенті Юлия Лопатенко: «№ 34 орта мектебіндегі практика жағымды әсер қалдырды. Мектеп мұғалімдері бізге жақсы тәлімгер болды. Балалармен жұмыс істеу біз үшін оңай әрі жағымды болды, өйткені оқушылар өте белсенді. Мен олар үшін жаңа адам болғаныма қарамастан, мені жылы да жақсы қабылдады. Атқарған жұмысым әрі қарай мұғалім болып қалыптасуыма зор септігін тигізді деген ойдамын, сондықтан да оқу іс-тәжірибесі сәтті өтті деп ойлаймын».

Рил-22 тобының студенті Диана Сүлейменова: «Мен № 34 мектепте тәжірибеден өткеніме өте қуаныштымын. Өзіме қажетті пайдалы нәрселерді үйреніп, тәжірибе жетекшісінен және басқа да мұғалімдерден үлкен қолдау көрдім. Маған сабақ беру өте ұнады. Барлық оқушылар жақсы жұмыс істеді, ұқыпты болды, маған да құрметпен қарады. Әрине, қашықтан өткізген сабақтарда шынайы көзбе-көз қатынас болмаса да, менің мұғалім болуға және әрі қарай балалармен жұмыс істеуге деген құлшынысым еселеп артты!»

Барша қиындықтарға қарамастан, студенттер кәсіптік практикадан өту барысында өздеріне қажетті білімді игеріп, молынан тәжірибе жинап, болашақ ұстаз болуға құлшыныстары артты. Алдыға жоспар, мақсат-міндеттер қойылды. Практикалық сабақтар барысында кездесетін қиындықтармен жүзбе-жүз кездесіп, оларды шешу амалдарын ойластырды. Мұның барлығы студенттердің алдағы кезеңде жақсы білікті ұстаз болып қалыптасуына септігі мол болады деген ойдамыз.