ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ
27.12.2019
Мұғалім мамандығы - ең маңыздыларының бірі. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңында, ең алдымен, кадрларды даярлаудың сапасын, олардың кәсіби құзіреттілігін жақсарту, қазіргі кезде білім берудің жаңартылған мазмұнымен қажет. Сондықтан жаңа заңның арқасында «мұғалім» ұғымы енгізілді, мұғалімдер мемлекет тарапынан қорғалады және өзін сенімді сезінеді. Мұғалімдер үшін әлеуметтік кепілдіктер жүйесі жасалды, орындалған жұмыстарға және демалыс уақытының көбеюіне бірқатар үстеме ақы енгізілді. Жаңа заң сонымен қатар оқулықтар мен оқу құралдарын таңдауда мұғалімдердің құқықтарын кеңейтуді, олардың жұмысында оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын, құралдары мен әдістерін авторлық жұмыста қолдану мүмкіндігін қарастырады. Ең маңызды ережелер: мұғалімдерге жүктемені азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға кепілдік беру, мұғалімдерді өздерінің кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмыстарға тартуға тыйым салу, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» деген мемлекеттік наградасын тағайындау.
Өнер және спорт жоғары мектебі
2019 жылғы желтоқсанның 26-сында Сенаттың «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасының қабылдануы жөніндегі ресми жаңалық Қазақстан педагогтерінің орнын белгілеп, олардың қоғамдағы қызметтік міндетін арттырып, мәртебесін көтеруге әсерін тигізеді. Заң 4 бағыттағы 21 баптан құралған. Бағыттар педагог мәртебесі, құқығы, әлеуметтік кепілдігі мен шектеулігі, міндеттері мен жауапкершілігі туралы мәселелерді қамтиды. 21 баптың мазмұны «Педагог мәртебесі» туралы Заңның негізгі ұғымдары, Заңның қолданылу өрісі, педагог әдебі, кәсіби қызметінің қамтамсыз етілуі, кәсіби қызметін атқарудағы құқығы, материалдық қамтамасыз етілу құқығы, мадақталу құқығы, педагогтік дайындықтан қайта өтуі, педагогтік кәсіби қызметке орналасуға (жіберілу) шектеулігі, әлеуметтік кепілдік, тәлімгерлік, педагогке берілетін біліктілік санаты, педагог міндеттері, педагог әдебі туралы кеңес, педагогтің кәсіби дайындығы, біліктілікті жоғарылату, педагог мәртебесі туралы ҚР-сы заңдылығының бұзылуына қатысты жауапкершілік, өтпелі кезеңдік ереже, осы Заңның қолданысқа түсуі туралы мәселелерді түсіндіреді. Аталмыш Заңның жүзеге асырылуына 2020 жылдан 390 млрд теңге бөлінетіндігі туралы да мәлімет айтылды [«24 kz»] . Педагог міндеті туралы Заң олардың тұлғалық дамуына мүмкіндік беріп, оқу жұмысы барысын мазмұндық жағынан арттыруға итермелеп, қосымша жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ мұғалімге қиянат жасаушы кез келген адам әкімшілік тарапынан жауап берсе, мектеп оқушылары орынсыз қылық танытып, мұғалімнің намысын таптағаны үшін ата-анасы жауапкершілікке тартылатындығы өте орынды қозғалып отыр. Бұл қоғам өкілдерінің өздерін ұстай білуге дағдыландырып, ресми тәртіпке шақырады. Сондықтан біз, мұғалім-ұстаздар, ғалымдар қауымы, Мұғалім мәртебесі туралы Заңның бекітілуі шешім тапқанына қуанышымызды білдіреміз. Бұл – Президенттің білім беру жүйесіне, мұғалімдерге ерекше көңіл бөлгендігінің айғағы. Президенттің оқу орындарын, ондағы мұғалім қызметкерлерді қолдап, демеуі ел болашағына берген кепілдігі деп білеміз.
Шақаман Ы.Б., ф.ғ.к., профессор