МК « JASTAR RUHY»
«Аманат»партиясы жанындағы «Жастар рухы»жастар қанаты ұйымы
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық Университетіндегі «Жастар рухы» ЖҚ ұйымының құрылудағы басты мақсаты:
• Жастарда қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымды, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тілдері мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
• Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау және іске асыру;
• Дарынды жастарды іздеу, қолдау және алға жылжыту;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін "Жастар Рухы" ЖҚ негізгі мақсатына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Ұйымның басты бағыттары: ел жастарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, жас таланттарды дамытуға жәрдемдесу. Фестивальдар, конкурстар және т.б. түріндегі түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Жеткен жетістіктер:
“Jastar Otanga”
Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңында “Jastar Otanga” сыйлығын табыстау рәсімінде “Jas Otan” Жастар қанатының үздік филиалы» номинациясы бойынша Павлодар Педогогикалық Университетінің "Jas Otan" ЖҚ филиалы үздік деп танылды.
"Jas Otan" ЖҚ Торайғыров Университетінің студенттік ұйымдары арасында волейболдан кіші турнирде университетіміздің "Jas Otan" ЖҚ 1 орын иеленді."Үздік ойыншы" номинациясымен Әлімғазы Диас және Сахимзадинова Айсана марапатталды.
«Taza Sessiya» акциясы
Республика деңгейінде ұйымдастырылып жатқан «Taza Sessiya» акциясы Павлодар педагогикалық университеті 300-ге жуық студентті қамтылды. Студентертен сауалнама алу анонимды түрде жүргізілді.
«ТазаLike» партиялық жобасы
"AMANAT" партиясының “Jastar Ruhu”жастар қанаты және облыстық мәслихаттың депутаттары «ТазаLike» партиялық жобасының аясында сенбілікке шығып, жастар үшін салынып жатқан жаңа ауданына көшет ағаштарын отырғызып, қала көркеюіне өз үлестерін қосты. Жалпы сенбілікке Павлодар облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов пен қала әкімі Асайын Байханов белсене қатысты.
«Qaisar» әскери-патриоттық жобасы
ҚР Қарулы күштерінің 30-жылдығы және «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында «Jas Otan» ЖҚ ұйымы Қабанбай батыр атындағы облыстық әскери мектебімен бірлесіп «Сарбаз болғым келеді!» атты акциясын қатысты.
"Рухтастар cases"
"Рухтастар cases" диалог алаңы аясында Әбілқадыров Зайырбек Ғабдынасырұлы Павлодар облысының UWW Грепплинг федерациясының президенті, Grappling Academy BEK TEAM негізін қалаушысымен кездесу өтті.
Ертис медиа холдингі ұйымдастырған @halyq_radiosy «HALYQ RADIOSY on AIR» музыкалық фестиваліне арнайы кеш қонаға болып келген қазақстандық эстрада жұлдызы, әнші @qanay.913 Qanay "Рухтастар Cases" алаңында өз жетістіктерімен бөлісті. Бұл іс-шараны “Жастар Рухы” @jastarruhy_pavlodar Павлодар облыстық жастар қанаты ұйымдастырды..
Павлодар педагогикалық университетінің студенттері алдағы президенттік сайлауға байланысты кездесу өткізілді.Кездесуде штаб жетекшісі Илья Теренченко Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасының жастарға қатысты негізгі тезистерімен таныстырды. Жас кәсіпкер Айдар Курумбаев ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қандай қолдауға сенуге болатынын айтты.
Қоғамдық штаб өкілдерімен кездесу
Қоғамдық штаб өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында Аманат партиясының хатшысы Оралов Асхат Раздыкович, Олимпиада чемпионы боксер Серік Сапиев, Камиль Байрамов, блогер Ақерке Берлібай және т.б жүздестік.Жастар Рухы ЖҚ белсендісі Аширов Мадияр осы кезде “Жастар Рухы” ЖҚ гимнын жазып, әнін паш етті.
Халықтық коалиция форумы
Астана қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықтық коалиция форумы өтті.Форумға университетіміздің «Жастар рухы» бесенділері,сонымен қатар Павлодар облысының белсенділері де қатысыты.
Волонтерлер штабы
«Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері Екібастұзда тұрғындарға көмек көрсету бойынша волонтерлер штабы қыстың қақаған суығына қарамай көмек қолын созып, жұмыс жасады.
‘’Жыл қорытындысы -2022’’
Біздің белсенді студенттеріміз әр салада қоғамдық жұмыстарға қатысып, өздерін жақсы жағынан керсетіп келеді. Мысалы: бірқатар студенттер еріктілер жасағында еңбек етті. Кейбіреуі күздегі кезектен тыс Президент сайлауының сәтті өтуіне өз үлестерін қосты. Сонымен катар, жақында Екібастұз қаласында орын алған тетенше жағдайға байланысты құрылған еріктілер қатарына қосылып, жұмысшыларға және тұрындарға көмек көрсетті. Міне, студенттеріміздің осы секілді ерлікке пара-пар еңбегін ел Президенті де жоғары бағалап, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Соның ішінде Көптілеу Диас, Жусуп Айбек, Мұратбекова Гүлнұр,Оразбекова Даяна, Зият Гүлзада, Аширов Мадияр – Президентіміздің алғыс хатымен марапатталса, Мәдібек Мұхтар және Оңдасын Нұрбол, Ералхан Айшабибі – Е.Ж.Қошановтың алғыс хатын алды
Студенттерге осындай белсенділіктері үшін "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатына да Алғыс хат табыстап, сый-сияпат керсетті. Сонымен, Айбек Жүсіп – «Жыл батыры», Мадияр Әшір – «Ең креативті», Гүлнұр Мұратбекова – «Университеттін үздік төрағасы», Әлімғазы Диас – «Үздік волонтер»номинацияларымен марапатталды.
«AМANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезі
«AМANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.
«Халықпен бірге!» форумы
Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты. «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтып, жастар қанатының жасампаздығы мен белсенділігін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ форум барысында партиядан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай, Есен Елеукен, Нартай Сәрсенғалиев, Севда Әлиева, Ринат Заитов, Ольга Спирина, Жұлдыз Сүлейменова және Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі.\